Көпбалалы ананың арманы көп
Әлемнің жарығын сыйлаған аналарымызға қандай құрмет-қошемет көрсетсек те артық етпейді. Өйткені, ана – шаңырақтың берекесі, қыз баланың өнегесі, шексіз мейірім үлгісі. Перзенті үшін түн ұйқысын төрт бөліп, тал бесікке таянып, әлдиін айтып, сәбиін тәрбиелеп, бағып, қағып өсірген ақ жаулықтыларымыздың алдында қарызымызды өтеу мүмкін еместе шығар.
Халқымызда тектілігін сақтап, өр мінезімен ерлерге тән іс жасаған батыр қыз-келіншектер мен аналары көп болғанын тарихтан білеміз. Әйелдер қауымының ұрпақ саулығы мен тәрбиесіне ұлтымыздың демографиясына қосқан үлесі де зор. Сондай нәзік жанның бірі – көпбалалы ана «Айналайын балабақшасының» қызметкері, Алғабас ауылының тұрғыны алтын алқа иегері Эльмира Смағұлқызы. Жан-жары Нышанбек Кенжешұлымен бірге 23-ші көктемін қарсы алып отырған отбасында 2 қыз, 5 ұлды әкеліп, тәрбиелеуде.
«Көпбалалы болудың қызығы мен шыжығы мол. Десекте, балалы үй базар, баласыз үй қу мазар деген қазақта мақал бар. Сәбидің іңгәлап, жарық дүниеге келгенінен бастап, оны өсіріп, жетілдіріп, тұлға етіп шығару ата-ананың тарапынан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Адамзат тарихында есімі елге елеулі тұлғалар көпбалалы отбасынан шыққаны бәрімізге белгілі. Сондықтан да кездескен қиындыққа мойымай, тек алға ұмтылу керек, тарихта 1 жыл атың қалғың келсе, ас бер, 10 жыл атың қалсын десең, ағаш ек, өмір бойы ел есінде қалғың келсе бала тәрбиеле дейді шығыс даналығы. Алдыңғы буын әжелеріміз бен аналарымыздың ізін жалғап, ұрпағыма бойымдағы бар жақсы қасиеттерімді, тәлім-тәрбиемді беріп, ақылымды айтып, дұрыс жөн көрсетуден еш жалыққан емеспін. Балалы болудан қашпау керек. Мен алдағы уақытта балаларымды жарқын болашақ күтіп тұрғанын сеземін және сенемін», – дейді көпбалалы ана Эльмира Смағұлқызы.
Еліміздің көбеюіне үлес қосып жатқан аналарымыз қоғамда елеусіз қалып жатқан жоқ. Оның дәлелі ретінде, кеше ғана Қызылорда қаласы, Каир мейрамханасында білім қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитеті «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай аймақтағы Алтын алқалы аналардың басын қосып, мерекелік шара ұйымдастырып, ерекше ілтипат көрсетті. Олардың қатарында кейіпкеріміз Эльмира Смағұлқызы да бар. Бұл да болса, аймақ басшысының аналарға деген ізгі ниет, шынайы ілтипат, ерекше құрметі деп түйдік.
Фариза КЕНЖЕШОВА.