Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам ұрпағымен мың жасайды

Адам ұрпағымен мың жасайды



Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көп балалы аналардың бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар.
Қыз баланың ең басты мақсаты – ана болу. Ал көп балалы ана болу – нағыз ерлікке татиды. Көп балалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері. Адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көп балалы отбасында дүниеге келген. Қазір мұндай отбасын көрсек, таңдай қағып, таңқалатынымыз бар. Көпшіліктің көкейінде оның бәрін қалай асырайды деген сауал туындайды. Артынша «Әр баланың өз несібесі бар» деп жатамыз, десе де оның оқуы, жоғары білім алуы мен үйлену тойын жасап, баспана әперу – әрбір қазақтың мұңы болғандықтан, көп балалы отбасына таңсықпен қарайтыны бар.
35 жастағы кент тұрғыны Қаракөз Ашурова 6 баланың анасы. Әр бала өз несібесімен келеді деп есептейтін ол, көпбалалы болу бала кезгі арманым дейді. «Иә, баланы асырап, бағу оңай емес. Бірақ мен барлығы өз орнымен жақсы болатынына сенемін. Балаларымның алды 8 сыныпта оқиды. Шүкір, бір-бірін жетелеп, қарайласып өсіп келеді. Өзім де көпбалалы отбасынан шыққанмын. Бір жақсы жері балалық шағымыз қызыққа толы болды. Бірақ ол кезде қазіргідей неше түрлі қиім кию, түрлі үйірмелерге бару деген жоқ болатын. Қазір өз балаларымның тоғызқұмалақ, қолөнер, күрес бойынша үйірмелерге қатысып, жетістікке жетіп жатқандарына қарап қуанамын. Көпбалалы отбасынан шыққаннан соң ұлым мен қызыма мектепте ыстық тамақ беріледі. Одан бөлек жыл сайын қыстық етік, сырт киім секілді дүниелерді беріп жатады. Өткен жылы қызым  тегін лагерге барып демалып қайтты. Бұл біз секілді бірнеше бала өсіріп отырған отбасы үшін әжептеуір көмек. "Адам ұрпағымен мың жасайды" дейді ғой. Өз басым отағасы жұмыс жасап, үйдің қаржылық мәселесін мойнына алу керек те, әйел адам баласын босанып оған мықты ұлттық тәрбие берумен айналысу қажет деп есептеймін», – кейіпкеріміз.
Бізге белгілі статистикалық мәліметтерге сүйенсек облыста 35 мыңнан аса көпбалалы отбасы бар екен.
10 ақпан 2019 ж. 2 808 0