Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада көп балалы жас аналар қатары көбейіп келеді

Қызылордада көп балалы жас аналар қатары көбейіп келеді



Қызылорда қаласында төрт және одан да көп балалы жас аналар қатары көбейіп келеді. Қазір олардың саны 3600 адамға жуықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  Бұл мәлімет Қызылорда қаласы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай өткізген нәзік жандыларды қабылдау шарасында айтылды. Жалпы, Сыр өңірі баланың дүниеге келуі жөнінен елімізде алдыңғы қатарда келеді. Бір ғана Қызылорда қаласында бүгінде 3 мыңнан астам Батыр ана бар. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында жасы 100-ден асқан 2 кейуана тұрады. «Қазіргі таңда қала әкімдігіне қарасты құрылымдарда 209 мемлекеттік қызметкер болса, олардың 50 пайызға жуығы нәзік жандылар. Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың хатшысы, әкімдікке қарасты 4 дербес бөлімді және қала әкімі аппаратында 2 бөлімді нәзік жандылар басқарып отыр», деді Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.
inform.kz
07 наурыз 2018 ж. 1 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930