Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақыт - балалы үйге қонады

Бақыт - балалы үйге қонады


«Бақыт – балалы үйге қонады» дейді аталы сөздердің бірінде. Қатпарланған тарихты ой сүзгісінен өткізсек, халық таныған тұлғалардың басым көпшілігі көп балалы отбасында дүниеге келген. «Әр баланың өз несібесі бар» деген текті батыр аналарымыздың ізін жалғап, көп баланың анасы атанып жандар көп арамызда.

Солардың бірі – дала академигі атанған Ы.Жақаев ауылының келіні Жанар Ысқақова. Қырық жастан асқан ол 4 ұл мен 2 қызғалдақтың анасы.  Үлкен ұлы студент, қалғандары мектеп қабырғасында білім алады. Ал кенжесі қаз-қаз басып үйреніп жүр.
«Еліміздің тыныш, бірлігінің берекелі болуын тілеп отырамын. Барлығы осы бейбітшіліктің арқасы. «Бір бала дүниеге келсе, бір түп жу­сан артық өседі» дейді. Әр баламның өзінің несібесі бар. Мемлекеттен жәрдемақы аламыз, киім-кешегімізге мектеп, мешіт қызметкерлері қарасып тұрады. «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды» демекші нан тауып отырған кәсібіміз де бар. Барлық сала бойынша қолдау көрсетіп отырған аудан басшылығына алғыс айтамыз», – дейді көпбалалы ана.
Иә, қой үстінде боз торғай ұялаған заманда өмір сүріп келеміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Алтын құрсақты аналарымыз қатары көбейіп, мақсатымызға жете берейік.

Е.ДАТҚА.
09 ақпан 2019 ж. 2 558 0