Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда тхэквондоға қатысатын бала өзінің 82 медалін баспанаға алмастыруға әзір

Алматыда тхэквондоға қатысатын бала өзінің 82 медалін баспанаға алмастыруға әзір



Алматыда 5 баланың анасы өзіне берілген «Алтын алқа» мен ұлының тхэквондо бойынша алған медальдарын баспанаға не жер теліміне алмастыруды ұйғарған.Бұл туралы Крыша сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
5 баланың анасының сөзінше, оның Алматыда тұрғанына 15 жыл болыпты. Алайда баспанасы жоқ. Қазіргі уақытта туыстарының үйінде тұрып жатыр екен.
«Алматыда отбасыммен тұрып жатқаныма 15 жыл болды. Бәрі тіркелген. Балаларым мектепке барады. Ештеңеге қарамастан, жақсы оқиды. Кішкентай балаларым үлкендерімнің киімін киеді. Ұлдарым спортпен шұғалданады. Ендігі олар жаттығуларға қатыса алмайтын да шығар. Күйеуім алысқа қатынайтын жүргізуші болып жұмыс істейді. Табысы – 100 мың теңге. Ақшамыз, тіпті, тамаққа жетпейді. Қазіргі уақытта Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшамауданында туыстарымыздың үйінде тұрып жатырмыз. Олардың мейірімділігінің арқасында, тек үйдің коммуналдық ақысын төлеп отырмыз. Оның өзіне 50 мың кетеді. Алайда күйеуімнің қалған жалақысы отбасымызға жетпейді. Жақында тағы бір баламыз дүниеге келеді. Жағдайы төмен отбасыларға берілетін жәрдемақыны алу үшін, көптеген анықтама жинау керек. Ал менің ондай мүмкіндігім жоқ.
Мен ештеңені жайдан-жай сұрап отырғаным жоқ. Тек үкімет бізге жылдамырақ пәтер алуға көмектессе немесе жер телімін берсе деймін. Көп балалы отбасы ретінде пәтер кезегінде тұрғанымызға 4 жыл болды. Алайда ондағы кезек баяу жылжып жатыр. Алдымызда әлі 3 мыңнан аса адам бар», – дейді Алима Жұбаева.
Әйелдің сөзінше, ол көмек сұрап барған мемлекеттік органдарда көмек алудың орнына, жиі сөз естиді екен.
«Жағдайың төмен болса, не үшін бала таба бересің деген сөзді естігенді, қатты ренжимін. Маған заң бойынша тиесілі екенін айтамын. Менің балаларымның бәрі қалаулы әрі бәрін жақсы көремін. Баланы беталды таба бергенім жоқ. Қазіргі уақытта біз қайырымды жандардың көмегімен өмір сүріп отырмыз. Бір тамақпен, бірі киім-кешекпен көмектеседі», – дейді әйел.
Ендігі көп балалы ана үкімет өзінің отбасына назар аударып, ең болмаса, жәрдемақы алу үшін құжаттарды жинастыруға көмектеседі деп үміттенеді.
Stan.kz
01 маусым 2018 ж. 1 309 0