Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Менингит салдары: Алматыда бұл дерттің ауыр түрі белең ала бастады

Менингит салдары: Алматыда бұл дерттің ауыр түрі белең ала бастады

“Мектепке келуге рұқсат. Сондықтан, мектепте карантин жариялаған жоқ”, – дейді  №165 мамандандырылған лицей директоры Құралай Ошанова, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.


Алдымен оқушы суық тиіп ауырған. Ал, иммунитеті әбден әлсіреген кезде энтеровирусты инфекция жұқтырған болуы мүмкін. Бұл жұқпадан менингит туындайды. Оған көбіне жуылмаған жеміс-жидекті тұтыну, лас су қоймаларында шомылу себеп болады. Науқас үйіне жіберілгенімен, мамандар оған жасалған сараптама нәтижесін әлі күтуде. Әйтеуір, ауру мектептегі өзге балаларға таралмапты.
Қазір оқушылар емтихан тапсырып жүр. Сондықтан, ақ халаттылар қауіпті дерт тіркелген мектепке кірген-шыққан адамның денсаулығын жіті бақылауда. Менингит мидың қабыну жағдайына байланысты іріңді және серозды болып бөлінеді. Серозды түрі жазда өршиді екен.
Биыл Алматыда менингитке байланысты 50 адам тексерістен өтіп, 23-іне осы диагноз қойылған. 4 адамның қаза тапқанын да еске салайық. Ауру белгілері анықталған бойда, дәрігерге қаралған абзал. Сонда ғана аман қалуға болады.
Stan.kz
29 мамыр 2018 ж. 1 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930