Мәуелі бәйтерек
Шаңырақ көтеріп, бала өсіріп, сол балаларының қызығын көруден асқан бақыт болмас. Жарасымды жанұя қашанда көпке үлгі. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 2014 жылдан бері осындай отбасыларды насихаттау барысында «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқау өтіп келеді. Осы байқауға аймақтан 361 отбасы қатысты.
Отбасы құндылығы қай кезеңде де, қай мемлекетте де саясаттың ең маңызды бөлігі болған. Бүгінде бала туу көрсеткіші бойынша сыр өңірі 4 орында. Облыста 44 мыңнан астам көпбалалы ананың 27 мыңға жуығы батыр аналар. «Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен» алтын құрсақты аналарымыздың 14 мыңға жуығы «Алтын алқа», 13 мыңдайы «Күміс алқа» иегері.
«Мерейлі отбасы-2018» жалпыұлттық байқауының Шиелі ауданы бойынша іріктеу кезеңі өткен болатын. Өтінім берген 13 отбасының арасынан аудандық «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу жөніндегі комиссия бесеуін таңдап алғаны белгілі. Осы отбасылардың ішінен 3 отбасы облысқа жолдама алып, байқауға қатысып бағын сынады. Шара соңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті. Жалпыұлттық байқауының аймақтық кезеңіне қатысқан шиелілік Ишанқұловтар отбасы 1-ші орынды иеленді. Бақытты өмірдің өзегіне айналып, ұрпақ өсірумен мың жасап отырған Ерғали Ишанқұлов 1937 жылы 20 қарашада дүниеге келген. Еңбек жолын «Коммунизм» колхозында 1956 жылы көлік жүргізушісі болып бастаған ол, 1972-1990 жылдар аралығында Жиделіарық бөлімшесінде ферма меңгерушісі қызметін атқарып, 1992 жылы зейнетке шыққан. Үлкен шаңырақтың берекесі мен бірлігіне ұйытқы болып отырған бұл отбасы жары Бахира Камардинқызымен отау құрғанына биыл 62 жыл. Қазіргі таңда 7 ұл, 7 қыз, 52 немере, 25 шөбере, 1 шөпшек сүйіп отырған үлкен жанұя. Бахира Камардинқызы зейнеткер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері. Ишанқұловтар әулетінің балалары мен немерелерінің барлығы да нық алға басып, түрлі қызметте жұмыс жасап, мал шаруашылығымен айналысып келеді. «Мәуелі бәйтерек» номинациясымен Жақаев ауылының тұрғыны Айтбаевтар отбасы марапатталды. Жұмабек Айтбаев 1960 жылдан бастап атбегілікпен айналысса, 1964 жылдан бастап бас шопан болған. 2013 жылы Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» атағын алды. Жары Гүлсім Айтбаева колхозда сауыншы болып жұмыс жасаған. Казіргі таңда зейнетте 4 ұл, 3 қыз, 17 немере тәрбиелеп отыр. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған өнегелі отбасы. Сондай-ақ, «Өнерлі отбасы» номинациясымен Сұлутөбе ауылының тұрғыны Есімсейітовтер отбасы марапатталды. Құрмаш Есімсейітов Сұлутөбе ауылы 1 Май совхозының №5 ірі қара фермасында түйеші болған. Қазіргі таңда зейнетте. Жары Рсалды Молдабекқызы №5 ірі қара фермасында сауыншы болған. 4 ұл, 8 қыз, 42 немере, 69 шөбере, 3 шөпшек тәрбиелеп өсірген ұлағатты отбасы.
Жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына ауданымыздан өнегелі отбасылар қатысып, жүлделі орындар иеленіп, ауданымыздың мерейін өсіріп келеді.
Ж.Ноғайбайқызы.