Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ПАРТИЯ АЛАҢЫНДА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ ПАРТИЯ АЛАҢЫНДА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков “AMANAT” партиясы Шиелі аудандық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтардың басым көпшілігі жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау салаларына, тұрғын үй және жер мәселесіне қатысты сауалдар көтерді. Аудан әкімі тұрғын үй кезегі мәселесін көтерген тұрғындарға заңдылығын түсіндіріп, кезектілікке сәйкес берілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, педагог мамандығы бойынша жұмыс сұраған азаматтарға, бұл мәселе заң аясында, конкурс арқылы шешілетінін жеткізді. Ал әлеуметтік мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларымен мәселелер оң шешімін тапты. Өтініш-тілектерін жеткізген әрбір тұрғынның мәселесі маңызды екендігін айтқан аудан басшысы қатаң бақылауда болатындығын ескертті.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

14 ақпан 2025 ж. 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031