ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ ТҮРДІ

Аудан әкімі тұрғын үй мен жер кезегі мәселесін көтерген тұрғындарға заңдылығын түсіндіріп, кезектілікке сәйкес берілетіндігін айтты. Сондай-ақ мамандығы бойынша жұмыс сұраған азаматтарға, жұмыссыздыққа тіркеліп, бос жұмыс орыны болған жағдайда заңдылық аясында шешілетінін атап өтті. Ал кәсіп ашу мәселелерге қатысты аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, тұрғындар қойған сауалдарына мардымды жауап алды. Өтініштілектерін жеткізген әрбір тұрғынның мәселесі маңызды екенін айтқан аудан басшысы қатаң бақылау болатындығын ескертті. «Өскен өңір» ақпарат