БАЛАҒЫМЕН ОТ КЕШКЕН БАТЫР ҰЛ

Мазмұнды шара шымылдығы отты жылдардың көрінісі мен Қ.Әйімбетов атаның өмір жолына негізделген бейне роликпен бастау алды. Бала би ауылдық мәдениет үйі директоры ақын Т.Күзембаев жүрек жарды арнаумен кешті бастаса, ары қарай ауылдық музыка мектебі оқушылары мың бұралып би билеп шараны түрлендірді. Бала би ауылдық мәдениет үйі мен ауылдық кітапхана қызметкерлері: Ә.Мұсатаев, Ә.Дүрманова, Е.Атабаев, Ж.Досжанова, Т.Әбиев, А.Сахиевалар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Тақырыпқа сай "Катюша", "День победы" әндер әуелеп, ауылдастарға патриоттық күш жігер сыйлай білді. Ұ.О.С. ардагері Қ.Әйімбетов жайлы естеліктер айтылып, батыр атаның өмір жолы келер ұрпаққа кеңінен таныстырылды.
"Ел болса, ер туғызбай қоймайды" демекші, батыр ата Қ.Әйімбетовтің Отан үшін болған ұрыстағы қиян кесті ерлігі, одан кейінгі жылдардағы ауылы үшін жасаған өлшеусіз еңбегі ауылдастардың назарында жүрері хақ. Кеш соңын батыр ата Құдайберген Әйімбетовтың туысы Ш.Абдуллаев ақ батамен түйіндеді