Өскен өңір » Жаңалықтар » Мемлекет басшысы Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президентін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда үстел теннисінің дамуына дәйекті түрде қолдау көрсеткені үшін Петра Сёрлингке алғыс айтып, еліміз Халықаралық федерациямен ынтымақтастықты ілгерілетуге айрықша мән беретінін жеткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сурет: АқордаҚазақстан Президенті ел жастарының үстел теннисіне қызығушылығы арта түскенін айтты. Қазір 260 мыңнан астам адам осы спорт түрімен жүйелі түрде шұғылданады. Мемлекет спорт резервін даярлау және жарыстар өткізу үшін арнайы инфрақұрылымды дамыту ісін қолға алды. Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылы Астанада үстел теннисінен өтетін әлем чемпионатын ұйымдастыруға жәрдемдескені үшін Петра Сёрлингке ризашылығын білдірді. Бұл Орталық Азияда аталған спорт түрі бойынша өтетін алғашқы біріншілік болмақ. Әңгімелесу барысында алдағы әлем чемпионатының тарихи маңызына мән берілді. Бұл жарыс үстел теннисінің Қазақстанда ғана емес, бүкіл аймақта да қанат жаюына айтарлықтай жол ашатын болады.