Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аустралияда ер адам акуланың шабуылынан қаза тапты

Аустралияда ер адам акуланың шабуылынан қаза тапты

Батыс Аустралиядағы танымал Сорренто жағажайында суда жүрген ер адам акула шабуылынан қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.




Сурет: Report
Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 10:30 шамасында болған. Шабуыл туралы хабар түскеннен кейін жағалауға шұғыл қызмет өкілдері жіберілді.
«Жағалау маңында жүзіп жүрген ер адамды акула тістеп алғаны туралы хабарлама түсті», делінген жергілікті полицияның мәлімдемесінде.
Билік өкілдері әуе және теңіз күштерін жұмылдыра отырып, ауқымды іздеу-құтқару операциясын бастады. Алайда ер адам шабуыл салдарынан көз жұмды.
Бұған дейін Флорида жағалауында дайвингпен айналысқан 40 жастағы америкалық ер адам акуланың шабуылынан ауыр жарақат алды.
18 қыркүйек 2026 ж. 27 0