Қытайда салынып жатқан туннель опырылып, төрт адам қаза тапты
Қытайдың Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында салынып жатқан туннельдің опырылуы салдарынан төрт адам көз жұмып, алты адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.Синьхуа агенттігінің мәліметінше, оқиға 31 шілде күні таңғы сағат 03:50 шамасында Уланчаб қаласына қарасты Чжоцзы ауданындағы туннель құрылысы жүріп жатқан аумақта болған. Құрылыс жұмыстарын China Railway 15th Bureau Group Co., Ltd. компаниясы жүргізіп жатқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, туннельдің опырылуы салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы алты адам жараланған.
Қазіргі уақытта оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, апаттың шығу себептерін анықтау үшін тергеу басталды.
Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің Приморье өлкесіндегі Үлкен Тавайза жағажайында жаяу жүргіншілерге арналған көпір опырылып түскенін хабарлаған едік.






