Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бойжеткен жағаға шығып кеткен акуланы құтқарып қалды

Бойжеткен жағаға шығып кеткен акуланы құтқарып қалды

АҚШ-тың Род-Айленд штатының тұрғыны толқын көтеріп, жағаға шығарып жіберген акуланы құтқарып қалды. Бұл туралы UPI порталына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жағажайда демалып жүрген бойжеткен толқын жағаға шығарып жіберген тікенек акуланы көріп қалып, еш ойланбастан оны құйрығынан ұстап судан алып шығады. Өжет қыз жағалаудағы тасқа соғылған акуланы ұстап алғаннан кейін, жалмағыш балықты тереңірек жерге апарып, суға жібереді. Тікенек акуланың ұзындығы 3-4 метрді құрайды. Түсі сұр, жерлерінде ақ дақтары бар. Ал құрсағы ақшылдау болып келетін орташа акула. Ол- қомағай жыртқыш.Тарғыл түсті бұл акула «катран», «тырнақты» деген аттарымен де танымал. Тікенек акула қысты температурасы 7-8 с° суда тіршілік етсе, ал жазда температурасы 14-15 с° суды мекендейді. Акуланың бұл түрі судың терең жерінде өмір сүреді. Олар 731 метрге дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Тікенекті акула әлемнің барлық субарктикалық суларында, Тынық және Атлант мұхитында дейінгі белдеулерде кездеседі.

Источник: Stan.kz
21 шілде 2018 ж. 1 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930