Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТОҚСАНДЫҚ ЕСЕП ТЫҢДАЛДЫ

ТОҚСАНДЫҚ ЕСЕП ТЫҢДАЛДЫ

Шиелі ауданы бойынша өткен жылдан 62 азаматтық іс, 11 арыз қалдырылып, барлығы 462 арыз, 7 азаматтық іс түскен. Оның ішінде 35 арыз кері қайтарылған, 7 арыз қабылдаудан бас тартылған және 323 талап қою бойынша азаматтық іс қозғалған. Бұл туралы Шиелі аудандық сотының 2024 жылдың I тоқсанындағы есебінде баяндалды.
Шиелі аудандық сотының төрағасы Нұржан Бекетаевтың мәлімдеуінше, есептік кезеңде 355 азаматтық іс аяқталған, оның ішінде 150 іс бойынша шешім қабылданса, 46 іс бойынша сот бұйрығы шығарылған, 30 іс бойынша талап қою қараусыз қалдырылса, 119 іс тоқтатылған (113 іс медиация арқылы тоқтатылса, 3 іс бітімгершілік келісім бекітілуіне байланысты), 10 іс соттылығы бойынша басқа сотқа жолданған, 1 іс біріктірілген, келесі тоқсанға 82 іс, 62 арыз қалдық қалған.
Өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылдың I тоқсанында түскен арыздар мен талап қоюлар саны 105-ке артқан. Сонымен бірге бұйрық шығару арқылы аяқталған істер өткен жылдың I тоқсанымен салыстырғанда, 8-ге азайған, ал шешім шығару арқылы аяқталған істер 52-ге, тоқтатылған істер 52-ге артқан.
Сонымен қатар аталған уақыт ішінде азаматтық істер бойынша 46 іс, азаматтардың талап қоюы бойынша 267 іс, ерекше іс жүргізу бойынша 42 іс қаралып аяқталған. 2024 жылдың I тоқсанында талап қою тәртібімен түскен ең көп арыз келісімшарт негізінде қарыз ақша өндіру санатында және неке бұзу санатында тіркелген. Мерзімі бұзылып қаралған азаматтық істер болмаған.
Әкімшілік істер бойынша өткен жылдан 1 іс қалдықта болып, барлығы 12 талап қою түскен. Оның 3-і есептік кезеңде кері қайтарылған. Алдын ала тыңдау тағайындалып қаралған 7 іс бойынша тараптар арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдері бекітіліп, ӘРПК-нің 138-бабының 2-бөлігінің 9-тармақшасына сай, талап қою қайтарылған. Келесі тоқсанға 3 әкімшілік іс қалдыққа қалған.
Қылмыстық істер бойынша аудандық сот өндірісіне барлығы 29 адамға қатысты 22 іс келіп түсіпті. Өткен жылдан 4 адамға қатысты 4 қылмыстық іс қалдықта қалдырылған. Осы мерзімде 30 адамға қатысты 24 іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 20 іс бойынша 20 адамға айыптау үкімі, 4 іс бойынша 10 адам қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс өндірістен тоқтатылған. Келесі айға 2 адамға қатысты 2 іс қалдыққа қалдырылған.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында сыбайлас жемқорлық санатында қылмыстық істер түспеген. Ал есірткі айналымына қатысты 3 іс бойынша 3 сотталушыға айыптау үкімі қабылданған. Қысқартылған тәртіппен 9 іс қаралған болса, медиаторлардың қатысуымен аталған мерзім ішінде қылмыстық істер аяқталмаған.
Аталған уақыт аралығында сотқа түскен қылмыстық істердің ішінде ең көп тіркелгені Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің 188-бабында (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар болып отыр. Бұл бап бойынша сотқа 13 адамға қатысты 6 қылмыстық іс түсіп, 5 іс бойынша айыптау үкімі қабылданса, 1 іс бойынша сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылған.
Жаза тағайындау ісі бойынша айыптау үкімі шыққан 20 адамға қатысты қылмыстық іспен 4 адамға айыппұл, 6 адамға бас бостандығынан шектеу, 7 адамға бас бостандығынан айыру жаза тағайындалса, 1 адамға байланысты шартты жазасы, 2 адам тараптардың татуласуына байланысты тағайындалған жазадан босатылған.
Аудандық сот есебінше, сот актілерінің орындалуына қатысты 9 құжат тіркеліп, оның 2-і келесі айға қалдыққа қалған. 7-і қаралып аяқталған, оның ішінде 6 ұсыныс қанағаттандырылса, 1 ұсыныс қанағаттандырудан бас тартылған. Сондай-ақ бұл мерзімде айыпталушыға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру туралы 14 өтініш келіп түсіп, бұл өтініштердің 12 қанағаттандырылса, 2-і бас тартылған.
Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша:
– Барлығы 337 іс түсіп, оның ішінде 1 іс ведомстволық бағыныстылығы бойынша жолданған, есептік кезеңде 323 адамға қатысты 323 іс қаралып аяқталған. Аяқталған істердің ішінде 244 іс бойынша әкімшілік жаза қолдану жөнінде қаулы қабылданса, 79 іс бойынша әкімшілік жауаптылықтан босату және істі өндірістен тоқтату туралы қаулы қабылданған, 1 іс біріктірілген. Әкімшілік жаза қолдану жөнінде қаулы қабылданған 323 адамның ішінде 28 адамға ескерту жазасы, 106 адамға айыппұл салу жазасы, 107 адамға әкімшілік қамаққа алу жазасы, 3 адамға көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы қолданылған, – дейді сот төрағасы.
Биыл 3 ай көлемінде істердің артуына ҚР ӘҚБтК-нің 73, 73-1, 73-2-баптарымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық істердің өткен жылдан көбеюі себеп болған. Бұл баптармен 2024 жылы 112 іс, ал 2023 жылы 44 іс келіп түскен көрінеді.

Таслима ТЕМІРБЕКҚЫЗЫ

16 сәуір 2024 ж. 141 0