ӘДІЛ СӨЗДІҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

Аудандық сот төрағасының сөзінше, осы мерзімде 78 адамға қатысты 75 қылмыстық іс қаралып, аяқталған. – Оның ішінде 54 іс бойынша 57 адамға айыптау үкімі, 16 іс бойынша 16 тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс өндірістен тоқтатылды. 1 адамға қатысты іс сотталушыға іздеу жариялануына байланысты және қосымша 5 іс прокурорға кері қайтырылды. Осы жылға төрт адамға қатысты 4 іс қалдыққа қалдырып, 6 қылмыстық іс бойынша 7 жеке қаулы қабылданды, – дейді аудандық сот төрағасы. Ал бүгінде қоғамның айықпас дертіне айналған сыбайлас жемқорлықтың көрініс беруі тағы да байқалған. Бұл мәселе төңірегінде өткен жылы 2 іс түсіп, 2 адамның қылмысы сотта қаралған. Сонымен бірге есірткі айналымына қатысты 10 іс бойынша 8 сотталушыға айыптау үкімі қабылданып, 2 іс прокуратураға қайтарылған. 57 адамға қатысты тағайындалған қылмыстық іс бойынша 9 адамға айыппұл, 14 тұлғаға бас бостандығын шектеу, ал 31-не бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, 3 адам тараптардың татуласуына байланысты тағайындалған жазадан босатылыпты. Жеті рет өлшеп, бір рет кесетін сот ісіне деген халықтың сенімін арттыру да олардың – басты мақсаты. Былтыр 1162 адамға қатысты іс қаралған. Аяқталған істердің ішінде 831 іске әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаза қолдану қабылданса, 326-сына әкімшілік жауаптылықтан босату және істі өндірістен тоқтату туралы қаулы қабылданыпты. Ал бесеуі біріктірілген. Әлгінде айтқан әкімшілік жаза қолданған 831 адамның 62-іне ескерту жазасы, 443 адамға айыппұл салынса, 313 тұлғаға әкімшілік қамаққа алынып, 10 адам көлік құралын жүргізу құқығынан айырылыпты. 9 талап қою түскен. Түскен 9 істің үшеуі кері қайтарылып, бесеуі медиация туралы келісімге келуге байланысты қайтарылған. Ал біреу қалдықта қалған. – Қайтарылған істерді атап айтқанда, 1 талап қою бойынша іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтындықтан қайтарылса, келесі 1 талап қою ісі осы соттың соттылығына жатпайтындықтан қайтарылды. Қалған 1 талап қою ісі талап қоюшының талабы әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтындығына байланысты қайтарылып отыр, – дейді Н.Бекетаев.
Сұлушаш МАДИЯРОВА