Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ 2021 ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ 2021 ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

2021 жылдың қорытындысы бойынша аудандық сотта барлығы 1736 іс қаралып аяқталған.
Оның ішінде:
Қылмыстық іс бойынша 102 адамға қатысты - 80 іс,
Азаматтық іс бойынша - 966 іс,
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша - 690 іс қаралып аяқталған.

Қылмыстық іс бойынша аяқталған 102 адамға 80 істің:
61 іс бойынша 73 адамға қатысты айыптау үкімі қабылданған,
13 іс бойынша 17 адамға қатысты іс қысқартылып, қаулы қабылданған,
Оның ішінде 9 іс бойынша татуласуына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылған.
6 іс бойынша 10 адамға қатысты соттылығы бойынша жолданған.

Айыптау үкімі шыққан 73 адамға қатысты қылмыстық іс бойынша:
10 адамға – айыппұл,
1 адамға қоғамдық жұмыстарға тарту,
25 адамға бас бостандығынан шектеу,
28 адамға бас бостандығынан айыру,
5 адамға шартты түрде соттау жазалары тағайындалған,
4 адам тағайындалған жазадан босатылған.

Қаралған қылмыстық істер бойынша 6 жекеше қаулы қабылданған.

966 аяқталған азаматтық іс бойынша:
Шешім қабылданғаны - 524 іс,
Алимент өндіру бойынша сот бұйрығы шығарылған - 221 іс,
Қараусыз қалдырылғаны - 110 іс,
Соттылығымен жолданғаны - 11 іс,
Тоқтатылған - 100 іс,

Тоқтатылған азаматтық істердің:
Медиация тәртібімен татуласқаны - 88 іс,
Партисипативтік рәсіммен (адвокаттардың жәрдемдесуімен) - 2 іс,

Сонымен қатар, қаралған азаматтық істер бойынша 3 жеке ұйғарым қабылданған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы аяқталған 690 іс бойынша:

Оның 569-на жаза тағайындалған (560 жеке тұлғаға, 9 заңды тұлғаға).
Атап айтатын болсақ, жаза тағайындалған істердің:
280 іс бойынша әкімшілік айыппұл салынған,
239 іс бойынша әкімшілік қамауға алынған ,
18 іс бойынша ескерту түріндегі жаза қолданылған,
8 іс бойынша арнайы құқығынан айыру жазасы қолданылса,
24 іс бойынша әкімшілік жолмен елден шығару жазасы қолданылған.

Тоқтатылғаны 121 істі құрап отыр,
Оның ішінде медиация тәртібімен татуласқаны 52 іс.

Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің 15-не жеке қаулы қабылданған.

Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі.
31 қаңтар 2022 ж. 418 0