Қылмыстық істің саны көбейген
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының артуы» атты кезекті Жолдауында сот жүйесін одан әрі жаңғырту керектігі айтылды. Жыл басынан бері сот жүйесінде атқарылған жұмыстар барысын баяндаған аудандық соттың төрағасы Марат Күздеубаев 9 айда 79 қылмыстық іс түскенін жеткізді брифинг барысында.
Сонымен қатар баспасөз өкілдерімен бас қосқан брифингте бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7 іске көбейгені айтылды. Ал медиация заңы қолданылып, екі тарапты татуластыру мақсатында 13 іс шешімін тапқан. Яғни, екі жақты мәмілеге келтіре отырып, істің сотқа дейін өрбімеуін қарастырған. Ал бүгінде қоғамның айықпас дертіне айналған сыбайлас жемқорлықтың көрініс беруі тағы да байқалған. Бұл мәселе төңірегінде 4 іс түсіп, 4 адамның қылмысы сотта қаралып, 2 адамға айыппұл жазасы тағылып, 2 адамға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ал азаматтық іс бойынша 831 арыз, 42 іс түсіп, 567 арыз сот өндірісінде қабылданған. Арыздардың 831-ге жуығы «Сот кабинеті» арқылы түскен. Аудан бойынша жыл басынан бері 603 әкімшілік іс қаралып, 535 адамға жаза тағайындалған. Оның ішінде 123 адамға әкімшілік ескерту, 218 адамға айыппұл, 179 адамды әкімшілік қамаққа алуға, 9 адамды арнайы құқықтан айыру, 28 әкімшілік іс медиация тәртібімен аяқталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 іске көбейген. «2020 жылдың 9 айында айыптау үкімі шыққан 67 адамға қылмыстық іс бойынша 11 адамға айыппұл, 1 адамды қоғамдық жұмыстарға тарту, 21 адамды бас бостандығынан шектеу, 28 адамға бас бостандығынан айыру, 6 адамға шартты түрде соттау жазасы қаралды» деді сот төрағасы. Қылмыстың өтеуі жаза деп, әділ үкім шығару, қаншама тағдырларға төрелік ету судьялар үшін де оңай емес. Он рет өлшеп, бір рет кесетін сот ісіне деген халықтың сенімін арттыру да олардың басты мақсаты. Жыл басынан бері ауыр санаттағы 36, ауырлығы орташа 18, онша ауыр емес 10, теріс қылықты 16 қылмыстық іс аяқталып, тиісті шаралар көрілді. Мемлекет басшысы Жолдау барысында сот жұмысының заманауи форматтарын және озық электронды сервистер енгізуді жалғастыру керектігін жеткізген болатын. Бүгінде «Сот кабинеті» сервисі арқылы түрлі арыздар қабылданып, 391 азаматтық іс АВФ бейне жазбасымен қаралған.

Шапағат ШАҒДАТҰЛЫ