ӘДІЛ СөзДІң жылдық есебі
ЕЛБАСы н.нАзАрБАЕвТың
«қАзАқСТАндықТАрдың әЛ-АуқАТының ӨСуІ:
ТАБыС пЕн ТұрМыС САпАСының АрТуы» АТТы
кЕзЕкТІ ЖоЛдАуындА СоТ ЖүЙЕСІн одАн әрІ
ЖАңғырТу кЕрЕкТІгІ АЙТыЛды. 2018 ЖыЛы СоТ
ЖүЙЕСІндЕ АТқАрыЛғАн ЖұМыСТАр БАрыСын
БАяндАғАн АудАндық СоТТың ТӨрАғАСы МАрАТ
күздЕуБАЕв БыЛТыр 132 қыЛМыСТық ІС СоТқА
ТүСкЕнІн ЖЕТкІздІ.
Баспасөз өкілдерімен бас қосқан брифингте бұл
көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 26 іске азайғаны
айтылды. Ал, медиация заңы қолданылып, екі тарапты татуластыру мақсатында 39 іс шешімін тапқан. Яғни,
екі жақты мәмілеге келтіре отырып, істің сотқа дейін
өрбімеуін қарастырған. Сондай-ақ, уәкілетті органдар тарапынан жіберілген кемшіліктерге сәйкес 16 жекеше қаулы
қабылданған. Былтырғы жылы бұйрық арқылы 9 іске үкім
қабылданса, электронды түрде 14 қылмыстық іс қаралған.
Ал, бүгінде қоғамның айықпас дертіне айналған сыбайлас жемқорлықтың көрініс беруі тағы да байқалған.
Бұл мәселе төңірегінде 2 іс түсіп, 2 адамның қылмысы сотта қаралып, айыптау үкімі қабылданып, айыппұл жазасы тағайындалған. Мемлекет басшысы айтып өткендей,
адамдар өз мәселелерін шешу үшін айлап-жылдап билік
дәліздерінде жүгіруге тиіс емес. Заң бұзылған жағдайда
адам сотқа баруы керек және сол жерде өз құқықтары мен
бостандықтары қорғалатынына сенімді болуы тиіс. Барлық
өркениетті әлемде осылай. Демек, кез келген нағыз сот
реформасының түпкі мақсаты – судьялардың адалдығы мен
кәсібилігі, әділ сотқа қолжетімділікке көз жеткізу керек
екендігін нақтылаған еді. Сондықтан, қылмыстың өтеуі жаза
деп, әділ үкім шығару, қаншама тағдырларға төрелік ету судьялар үшін де оңай емес. Жеті рет өлшеп, бір рет кесетін
сот ісіне деген халықтың сенімін арттыру да олардың басты мақсаты. Былтырғы жылы ауыр санаттағы 25, ауырлығы
орташа 46, онша ауыр емес 29, теріс қылықты 32 қылмыстық
іс аяқталып, тиісті шаралар көрілді.
Сот төрағасының айтуынша, азаматтық істер бойынша
үстіміздегі жылы 40 іс қаралып, 1364 арыз түскен. 2017
жылмен салыстырғанда 217 арызға көбейген. Әкімшілік
істердің статистикасына көз жүгіртсек 761 іс сотқа түскен.
28 әкімшілік іс медиация тәртібімен аяқталған.
Мемлекет басшысы Жолдау барысында сот жұмысының
заманауи форматтарын және озық электронды сервистер енгізуді жалғастыру керектігін жеткізген болатын.
Осылайша, келешекте барлық сала сандық жүйені жетік
меңгеріп, бұқара үшін қолжетімді, артық шығынсыз болады
деп күтілуде. Жиын соңында аудандық сот төрағасы биыл
атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, аудан
бойынша кәсіби медиатор оқытуды ұсынып жатыр. Егер,
6 адам кәсіби медиаторлықты оқытып, сертификат алса,
медиаторлар судьялардың жүктемесін азайтады. Сонымен
қатар, негізгі міндеттер мен аспектілерін нақтылап, жүзеге
асырылатын жоспарларымен бөлісті.
Жұлдызай ноғАЙБАЙқызы.