Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел дамуына салынған даңғыл жол

Ел дамуына салынған даңғыл жол


Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапа­сын арттыру» атты кезекті Жолдау­ын жариялап, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етті. Онда біздің стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу деп атап көрсетті.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында негізгі 6 басым бағыт көрсетілсе, соның ішіндегі үшінші бағыт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған. Яғни, бүгінде қоғам дертіне айналып отырған сыбайлас жемқорлықтың жолын кесіп, мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізу жолдарын атап көрсетті.
Елбасы Жолдауын одан әрі ілгерілету үшін Шиелі аудандық архивінде Жолдауда көрсетілген мақсат-міндеттерді айқындап, насихаттау мақсатында архив қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өтті. Сонымен қатар, жуырда ғана аталмыш мекеме қызметкерлерінің ұйымдастырумен «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы және аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел болды.
Жыл сайын жаңарып, жаңғырып, бәсекеге қабілетті ел болу үшін болашақты бағамдайтын тарихи құжаттың жариялануы Қазақстан халқы үшін бағдаршам іспетті. Өмір арнасын қай бағытқа бұрып, қандай жұмыстар атқару керек екендігін де осы Жолдау арқылы біліп отырамыз. Ал, Елбасы осы жолғы Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды және жан-жақты әлеуметтік қолдауды ұсынды. Демек, жастарға артылар сенім мол.

Ерболат Дүйсенбаев, аудандық архив
басшысы.
03 қараша 2018 ж. 740 0