Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Он айдағы қорытынды

Он айдағы қорытынды


Соңғы жылдары сот саласында көптеген оң өзгерістер болып жатыр. Аз ғана уақыттың ішінде сот құрылымы да, сот процесі де жаңа сипатқа ие болды. Бұл өзгерістердің барлығы осы саланы қолжетімді, оңтайлы етіп, халқымыздың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталғаны белгілі.
Зор ізденістердің арқасында сот жұмысы заңдық тұрғыдан нығайтылып, судьялардың материалдық-техникалық жағынан жан-жақты қамтамасыз етілуіне әрдайым жіті көңіл бөлінуде. Дегенмен, заңдарды жаңа сапаға көтеріп, судьяның материалдық жағдайын түзеумен, жұмысына қолайлы орта қалыптастырумен мәселенің шешілмейтінін уақыттың өзі көрсетті.
Өткен сәрсенбі күні аудандық сотта БАҚ өкілдерінің қатысуымен «2018 жылғы 10 айында қаралған көліктегі құқық бұзушылықтардың нәтижелері» деген тақырыпта брифинг өткізілді. Сот төрағасы М.Күздеубаев есепті кезең ішінде аудандық сотта Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабымен барлығы 126 әкімшілік іс қаралып, оның ішінде 111 жүргізуші 3 жыл мерзімге көлік басқару құқықтарынан айырылғандығы туралы айтылды. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша көлік басқаруға құқықтары жоқ 15 адамға жиырма тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылғандығы жайлы мәлімет берді. Сот төрағасы брифинг барысында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабымен 52 әкімшілік іс қаралып, әкімшілік жаза ретінде айыппұл салынғандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 346-бабымен 5 қылмыстық теріс қылық істер түсіп, оның 5-не де соттың үкімі шығарылып, айыппұл салынды. Үш жыл мерзімге көлік басқару құқықтарынан айыру туралы жазалар тағайындалғанын айтып өтті.

А.НАЗАРОВА.
13 қараша 2018 ж. 1 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031