Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы

Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы

Картинки по запросу сотСот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығының дәлелі ретінде қазіргі таңда «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті», «Үн-бейне жазба құралын қолдану» тетіктері тәжірибеде қолдануда. «Төрелік» - бұл сотта қаралатын істердің бірыңғай ақпараттық жүйесі. Ал, Сот кабинеті - бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған. Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ Интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады және сот актісін басып шығара алды.
Ал сот жүйесінің ашықтығын жүзеге асыру мақсатында барлық соттарға қаралатын істерді үн-бейне жазба құралы арқылы, ал мүмкін болмаған жағдайда - үн жазба құралын жасақтау міндеті қойылғандығын баса айтып өту керек. Кез-келген сотта қаралған іс үн-бейне жазба құралымен жасақталады. Оны өзгертуге ешкімнің құқығы жоқ, оның ішінде судья да оған өзгертулер, түзетулер енгізе алмайды. Жазылған бейне дыбыспен тыңдалып, көзбен көрініп тұрады. Сондай-ақ, жергілікті соттар осы жазба құралы арқылы қаралған істердің есебін беріп отырады. Бұл өз кезегінде сотқа жүгінген азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шынайы қорғаудың сапасын одан әрі арттыра түсері анық.Қазіргі кезде сот жүйесінде ашықтық принциптеріне үлкен көңіл бөлініп, үлкен қадамдар жасалуда. Бүгінгі күні сот жүйесінде құқықтың үстемдігі жағынан үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Сот жүйесінің ашықтығы - азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыратын бүгінгі күннің талабы.

Ақтолқын Табиғатова,
Шиелі аудандық сотының
бас маманы.                                         
26 қыркүйек 2018 ж. 812 0