Әділ туған заң жақсы
2020 жылы Шиелі ауданында 102 қылмыстық іс сотта қаралып, 86 адамға айыптау үкімі қолданылған. Аталған көрсеткіш 2019 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 6 іске артып отыр. Сонымен бірге 17 іс бойынша медиация заңы қолданып, жәбірленіуші мен айыпталуышының келісімімен қысқартылған. Бұл туралы Шиелі аудандық сотының төрағасы Марат Күздеубаев хабарлады.
Марат Орманбекұлының сөзінше 12 айдың ішінде 74 қылмыстық іске қатысты үкім шықса, 3 қылмыстық іс прокуратураға кері қайтарылған. 2019 жылы тараптардың келісімімен 25 іс қысқартылған болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш бар болғаны 17 істі құрап отыр. Сот төрағасы мұны заңға өзгерістер енгізілуімен байланыстырып отыр. Себебі бұрын орташа санатқа жатқызылған қылмыс түрлері жаңа заңға сәйкес ауыр қылмыс түріне ауыстырылған. Сәйкесінше бұл істер бойынша тараптардың келісімімен істі қысқартуға болмайды. Мысалға 2019 жылы ауыр санаттағы қылмыстар саны 27 болса, 2020 жылы көрсеткіш 60 қылмыстық іске жеткен.

Сыбайлас жемқорлық мәселесі бойыншы сот төрағасы 2020 жылы 4 адамға қатысты іс қозғалғанын, 2 адамға айыппұл жазасы тағайындалып, 2 адам бас бостандығынан айырылғанын айтты. Сонымен бірге азаматтар тарапынан келіп түскен талап арыздар саны артып, 1138 арызды құраған. 641 іске қатысты шешім шығарылып, 118 арыз кері қайтарылған.
Әкімшілік істер бойынша айтар болсақ, 2020 жылдың 12 айында 755 адамға қатысты әкімшілік іс сотқа түскен. 2020 жылы 12 айында сотқа түскен істердің саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 152 іске көбейген. Бұл көрсеткіш елімізде карантиндік шаралардың енгізіліп, кейбір азаматтардың оны сақтамауына байланысты артып отыр. Әкімшілік жазалар тағайындалған істердің ішінде 127 тұлғаға әкімшілік ескерту жазасы, 291 тұлға әкімшілік айыппұл, 223 тұлға әкімшілік қамаққа алуға, 9 тұлғаға арнайы құқықтан айыру жаза тағайындалған, 6 тұлға Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен шығарылған.
Рамазан Әнәпия