Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ
Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Мемлекет тәуелсіздігі кезеңінде Қазақстан демократиялық мемлекет негіздерін құру үшін кең ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруда айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді Ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері, туудың артуы, бала мен ана өлім-жітімінің азаюы, медициналық демографиялық жағдайдың жақсаруы еліміздің дамуына үлкен ықпалын тигізді Стратегиялық түсінік тұрғысынан халықтың саулығы, ел мен мемлекеттің болашағы тікелей ана мен бала денсаулығына байланысты.
технологиялық денсаулық сақтау жүйесінің дамуын қазақстандықтардың өмір сапасын арттырудағы негізгі артықшылықтардың бірі ретінде жариялады. Орталықта дене салмағы өте төмен және төтенше төмен жаңа туылған сәбилерге күтім жасау, церебральды және инфекциялық патологиясы бар жаңа туылған сәбилерді емдеу, асқазан-ішек жолы, жүрек-тамыр, қолқа-өкпе, зәр шығару жүйелері дамуының туа біткен ақауы, қан аурулары бар балаларды хирургиялық және консервативті жолмен емдеу әдістерін жетілдіру, балалардағы муковисцидоз, қолқа демікпесі, целиакияны емдеу мәселелері енетін ірі ғылыми-зерттеулер қатары жүргізіледі.
Төленова Әсел Қайратқызы
Қарғалы дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік мейіргер
Қарғалы дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік мейіргер