Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Басымызға қонған бақ құсы

Басымызға қонған бақ құсы

Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейін барлық жетістіктерге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Осы уақытқа дейін елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ретінде қыруар жұмыстар атқарылды. Бұл жаңалықтарды күнделікті көріп, БАҚ арқылы көзіміз жетіп отыр. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша дамып жеткен жетістіктер еселенуде. Тіпті шет елдердің орнын басып, еліміз үздіктер қатарында көрініп келеді.
Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ нағыз батыр халық екенін мойындайсыз. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп-қонып өмір сүрген ата-бабамыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап, қадірлеген. Ол – ел, жер және ана тілі. Қандай халық болсын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды. Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. Бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыздың бейбіт өмірімен еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
Тәуелсіздік – арман. Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Осындай биікке біздің қазақ халқы да қол жеткізді. 1991 жылы еліміз Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басты. Сол сәттен бері міне, 28 жыл өте шықты. Тәуелсіздік, ең алдымен қазаққа қымбат.
Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқарып келеді.


Жанат Кенебекова,
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» ­КММ-нің Шиелі аудандық филиалының архивисті
10 желтоқсан 2019 ж. 1 205 0