Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуесіздік қасиет тұнған ұлы ұғым

Тәуесіздік қасиет тұнған ұлы ұғым


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық заңнан бастау алған Тәуелсіздігімізге биыл 27 жыл толды. Көне түркі даласын мекен еткен қазақ халқының сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, қатпарлы тарихына көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруымен ұштастыруға болады. Патша дәуірінде де, кеңес одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты.
Тәуелсіздік – азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтеуі. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғыртудың бастауы болды. Ол жас жігіттер мен қыздардың ар-намыс пен елдік рухтың жолында теңдікті талап еткен тегеуірінді күш-қайнарының тоғысқан шағы еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік құқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандықтардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік болды. Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жеті жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғыртатындай қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады.

Ләззат Шонанбаева,
Шиелі аудандық архивінің ақпараттық
жүйелер бойынша инспекторы.
15 желтоқсан 2018 ж. 3 267 0