ДАРЫНДЫ ОҚУШЫ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Қас батырлар жанын қиып қорғап қалған, талай өзегі өртенген өкінішті сәттер мен қуаныштан жүрегі жарылардай шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан бүгінде көк байрағын желбіретіп, абыройын асқақтатқан тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Сұрапыл соғыс шебінде мерт болған қазақ батырлары мәңгі жадымызда... Өткенді ұмытсақ бізді болашақ кешірмейді. Мен осы даналық сөздің әрбір қазақ жадында сақталғанын қалаймын.
Тәуелсіздік – төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Еліміздің тәуелсіздік бесігінде тербелгелі 26 жыл.Жиырма алты жылдың ішінде Қазақстан күш-қуатын жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес, зайырлы ел болды. 1991 жыл еліміз Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге жол ашқан алғашқы қадамы еді.
Көне түркі өлкесін мекен еткен қазақтың да сан ғасырлық, өмір көшін басынан өткізген, құнды тарихы бар. Себебі, тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды. Халқымыз өзінің ел болып қалыптасу жолында қилы белдерден асып, тар жол, тайғақты кешті. Ғасырлар бойы қазақ даласында өткен әрбір оқиға,әрбір шайқас тәуелсіздікке жасалған бір қадам. Тарихқа көз жүгіртсек...
1986 жыл. Елін сүйер ұлтжандылардың ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен, тегеурінді күш-қайратының тоғысқан шағы еді. 16 желтоқсанда ОК алқалық шешімі бойынша Г.Колбинді бірінші хатшы етіп сайлады. Сол күні жүздеген студенттер мен жас жұмысшылар «Әр елге өз қолбасшысы керек!» деген ұранмен тәуелсіздік алаңына, алқалық мәжілістің шешімі өзгертілсін деген талаптармен шыққан еді. Бейбіт шерумен басталып, кейін қарулы қақтығыстарға ұшыраған бұл шеру тек Алматы қаласында ғана емес, еліміздің басқа да өңірлерінде бастау алған. Толқулардан кейін «Ұлтшылдыққа азғырылған студенттер тобы қоғамдық тәртіпті дөрекі бұзған болатын, өрт ұйымдастырып, бейкүнә жандарды соққыға жықты» осы сынды мақалалар газет беттерінде қаптап кетті. Сол мезеттегі жазбаларға сүйенер болсақ, айбынды қазақ жастарын нашақор, маскүнем, ұлтшыл ретінде көрсетеді.Ереуілшілерді қоршау үшін жасақтар құрылды. Олар жас студенттерді аяусыз жазалады.
Айналадағы ақ қар қызыл қанға боялды. Желтоқсан оқиғасының куәгері ол кезде небәрі жиырма жаста болған Ермұхан Жүнісханның бұл сөзінен сол кездегі аса қатыгездік іс әрекет сезілгендей.
Жетоқсан оқиғасы көзден де, көңілден де кетер емес. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халқымыздың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан ұрпаққа үлгі. Ерлігімен тарих беттерінде есімдері қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхамеджанова, Е.Сыпатаев сынды батыр аға-апаларымыздың көрсеткен батырлығы, ерен еңбегі мәңгілік жадымызда!