Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық жаңғыру ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең

Ұлттық жаңғыру ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең


Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 26 жыл. Осы жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз Президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. 1991 жылы Ел Тәуелсіздігін алған кезде халық болып қуандық. Бұл Тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдады. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы құндылықтарға толы. Аталған құндылықтарды жиырма алты жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын-сонар қара жолдары тарамдалып жатты. Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керей керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта “Отансыз адам ормансыз бұлбұл” деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес. Тәуелсіздік – ащы терімен келген тәтті жеңіс. Қазақстан – ежелден келе жатқан мәдениеті мен салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары толықтай сақталған мықты, ынтымағы жарасқан, егемен мемлекет.
Қазақта «қанатты» деген сөз бар, біздің қанатты, мықтылығымыз – бірлікте. Жаңа құрылымды құру арқылы ғана, біріктіру арқылы ғана, әр уақытта да күшейе түсуге болады. Бұл Президентіміздің ұстанымы, басты қасиетінің бірі – мемлекетті құрушы және алда не болатынын алдын ала болжай білетін көреген басшы. Болған оқиғаларды түсіндіріп беретін адамдар болады. Алда болатын жағдайды дәл болжап, дұрыс жол көрсете білетін сирек адамдар бар. Біздің елдің басшысында тек өз мемлекетінің ғана емес, жаһандық дамуда қандай өзгерістер орын алуы мүмкін екенін аңғара білетін қасиеті бар. Біз «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасын мерзімінен бұрын жүзеге асыра алдық. Енді бүгінгі таңда «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасын іске асыруға кірісіп кеттік. Президент біздің қалыптасқан мемлекетіміз шын мәнінде мәңгі алға баса беретін Мәңгілік Ел болуы үшін қалай өмір сүруіміз керек екеніне нақты бағдар көрсетіп берді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіз, еңсесі биік, басқа дамыған мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең егеменді мемлекет болып қалыптасты. Ата-бабамыздан қанмен берілген өжеттік, қайсарлық сияқты қасиеттер болашақ ұрпақты да тек алға, жаңа белестерге жетелейтіні анық. Шығыстан алтын күн нұрын төгіп, еркіндіктің самалы ескен осы кезеңнің баянды болатынына кәміл сенеміз.
Ғ.КӨШЕКБАЕВ,
Н.Бекежанов атындағы
мемориалдық өнер музейінің
директоры.
20 желтоқсан 2017 ж. 1 531 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930