САФ ӨНЕРДІҢ САФУАНЫ
Қазақ әнқұмар халық. Біреу қолына домбыра ұстап, ән сала бастаса еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін елең етіп, құрметтеп отырады. Әнді асыл өнерге бағалаған бабаларымыз «Әп, бәрекелді!» деп әншіні қошеметтеп, әнге - теңдесіз өнер, әншіге - талант деген теңеу таққан. Осындай көптің қошеметіне, ыстық ықыласына бөленіп жүрген саф өнердің Сафуаны біздің бүгінгі кейіпкеріміз.
Қойнауы құт, топырағы киелі Шиелі мекені өнер мен спорттан кенде емес. Талай еңбек адамдары мен өнер саңлақтары шыққан мұнда. Сан салалы ғалымдарды түлеткен аудан ғылымның дамуына өзіндік үлес қосып жатқаны да шындық. Дәл осы заңдылықты бұзбай ән әлеміне Көреген қарияның әулетінен бір перзент шықты. Батырхан әкесі мен Күлзипа анасының көз қуанышы Сафуан бала жасынан өнерге ынтық болып өсті. Спортқа да бейім. Кім білсін, әншілік жолды таңдамағанда жауырыны жерге тимеген балуандар қатарында тұрар ма еді? Бірақ жүрек таңдауы, көңіл ауаны шежірелі өлкеден тағы бір өнерпаздың шығуын қалады. Өзі таңдаған ән әлемі жатырқамай, жатсынбай құшақ жая қарсы алды. Студент атанып, білім алды. Дипломын қолына табыстағанда «енді қайда барамын?» деген жоқ. Бірден талай жанның өнердегі бағын, жолын ашқан Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде мәдени ұйымдастырушы болып еңбек етті. Иә, арада сынаптай сырғып, бұлақтай жылжып жылдар өтіпті. Сафуан да ән көгіне еркін қанат қаға бастады. Ауданға ғана емес, облысқа, республикаға әуелете ән салып жүр. Үнінде өзіне тән бояуы бар әнші бүгінде көптің алғаусыз алғысына ие.

Жүрегін ән тербеген бабаларымыздан қалған өлмес өнер дәуірден-дәуір өткізіп, бүгінгі күнге жетіп отыр. Құдіретті өнерді саф қалпында бұзбай, таза, шынайы, мөлдір күйінде орындап, бізге жеткізіп отырған Сафуан талай ән байқауына қатысып, жүлделі орынды иемденген. Мәселен, өткен жылы КСРО және Қазақстан Халық әртісі, Халық қаһарманы, қазақтың жезтаңдай әншісі Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған облыстық «Ақмаңдайлым» әншілер байқауынан бас жүлдені қанжығасына байлады. Сонымен қатар дәл сол жылы ауданның «Үздік жыл мәдениет қызметкері» атанды. Ал биыл республикалық «Жас қанат» жас орындаушылар байқауына қатысып, бағын сынады.
Ән мен әнші құстың қос қанатындай егіз ұғым. Көмейіне бұлбұл ұя салған күміс көмей деген теңеу Сафуанға арналғандай. Қазақ халқы осылай құсқа, құстың қанатына теңеуінде де бір астар бар. Ол құстың биікте, көкте самғайтынында болар. Ендеше біз де Сафуанға қанатың талмасын, биікке самғай бер демекпіз. Киелі сахнаның сәні болып жүре бер, саф өнердің Сафуаны!
Сұлушаш МАДИЯРОВА