ҚАЛАМЫ ЖҮЙРІК, ОЙЫ ҰШҚЫР

«Журналистің жегені жантақ, арқалағаны алтын». Халық жазушысы Шерхан Мұртаза айтпақшы, журналист болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қоғамдағы оның рөлі орасан зор. Қаламды қару еткен жандардың еңбегі қашанда бағалануы қажет.
А.Молдахметқызы – ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген жандардың бірі. Қаламы жүйрік, ойы ұшқыр. Ол не жазса да, оқырманның көкейіндегіні дөп басады. Қазақ журналистикасының сапасын жақсартуға мейлінше үлес қосып жүрген әріптесімізге тек сәттілік тілейміз. Мерейіңіз үстем болсын!
«Өскен өңір» ақпарат