Еңбек еленген күн

Биыл шиеліліктер үшін де толайым табысты жыл болды. Өздеріңізге белгілі аудандағы жеті журналист ҚР Журналистер одағына мүшелікке қабылданғаны жөнінде газетіміздің өткен нөмірінде сүйіншілей хабарлаған болатынбыз. Міне, сол қуаныштың ізін жалғап «Сыр медиа» ЖШС бас директоры А.Оңғарбаев халықаралық байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында газетіміздің тұрақты, штаттан тыс тілшісі, ардагеріміз Ө.Исмаилға, 10 жылдан бері фототілші қызметін атқарып жүрген Б.Бәйімбетке, «Сыр медиа» ЖШС қарасты тарату бөлімінің қызметкері Э.Ахметоваға алғыс хат жолдады. Алғыс хат иелерін салтанатты түрде марапаттау үшін редакцияға ҚР Мәдениет қайраткері, жазушы, заңгер А.Ысымов келіп Ө.Исмаилға
медиа директорының марапатын табыстады. Ал, Б.Бәйімбетке «Фолиант» баспасының фототілшісі Б.Байсейітов, Э.Ахметоваға «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Н.Пірімбет тапсырды.
Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.