
"Жаңақорған тынысы" газетінің редакциясында "Медиа нарық. Жаңа жанрлар. Тың белестер" тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті. Семинарға облыс әкімінің кеңесшісі Динара Бисембина, "Сыр медиа" ЖШС бас директорының орынбасары Қаныбек Әбдуов,Шиелі ауданынан "Өскен өңір" газетінің редақторы Нұрболат Пірімбет, сондай-ақ Айнұр Назарова мен Жұлдызай Ноғайбайқызы қатысты. Сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің студенттері мен Жаңақорған ауданындағы журналист болғысы келетін 9,10,11 сынып оқушылары семинар-тренингтен мағлұмат алып, сұрақтар қойып, ой бөлісті. Тренинг тізгінін алғаш болып қолға алған журналист Әбдісамат Әбдіш интернет-журналистикадағы жаңа жанрдың бірі - "Лонгрид" жайлы тұшымды ақпаратымен бөлісті. Ал, қаламы қарымды қаламгер Баян Үсейінова очерк, эссе, фельетон жанрларының жазудағы қыр-сырымен бөлісіп, өмірлік тәжірибесін баяндады. "Жаңақорған тынысы" газетініңбас редакторы Нұрлат Байгенже "Медиа нарықта тауар өтімділігін қалыптастыру тәсілдері" атты тақырыпты қызықты қылып жеткізіп, студенттер сұрақтар қойып, тартысты өткізді.
"Өскен өңір" ақпарат