Қызылордалық журналистер Мәскеуде
Аймақ басшысы Қ. Көшербаевтың қолдауымен "Сыр медиа" ЖШС қарасты аудандық жəне облыстық газет редакторлары мен журналистері Мəскеуге сапар шекті. Онда "БАҚ-ның сандық түрленуі: аймақтық, ұлттық және глобалдық мәселелері" атты Х халықаралық конференция өтуде. Аталмыш іс-сапарды облыс әкімінің кеңесшісі Динара Бисембина, Елена Шмарина, "Сыр медиа" ЖШС директорының орынбасары Қаныбек Әбдуов бастап барды. Қызылордалықтар əуелі Мəскеу қаласындағы Əлия Молдағұлова атындағы мектепке барып, батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Мектептегі музейге кіріп, мектеп ұжымымен оқушыларымен кездесу өткізді. Музейге елден қол өнер туындысы қобыз, домбыра, шаңырақ сынды ұлттық құндылықтарымызды тарту етті. Одан әрі Мəскеудің əйгілі орталық қорымы, мұқым КСРО-ға əйгілі қайтыс болған мемлекет қайраткерлері жатқан Ваганков қорымына барып, шығыс жұлдызы атанып, небəрі 23 жасында қайтыс болған жерлесіміз Ғани Мұратбаевтың басына гүл шоғын қойып, құлыптасын тазалап, құран оқыды.
Бүгін МГУ-да семинар басталады. Мəскеу сапары туралы толық мəліметті газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Өскен өңір ақпарат