Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сыр медиа» ЖШС қарасты қаламгерлер Елорда төрінде

«Сыр медиа» ЖШС қарасты қаламгерлер Елорда төрінде

Бүгін ел газеті "Егемен Қазақстан" газетінің релакциясында Қызылорда облысына қарасты «Сыр медиа» ЖШС-нің қалам ұстаған қауымы аға басылымның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, іс-тəжірибе алмасты. Кездесу барысында сайт жұмысын ілгерілетуге қатысты Егемен Қазақстан газеті сайт ісінің басшысы Құрманəлі Қалмахан оқырман тарту, əлеуметтік желі,  ютуб арқылы қалай жұмыс жасау керектігі жөнінде кеңінен сөз қозғады. Сонымен қатар, газет бетіне жарияланатын мақаланың мазмұны, тартымды тақырып таңдау мəселелері де сөз болды.

Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі Динара Бисембинаның бастамасымен өрбіген семинарға «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев, «Өскен өңір» газеті бас редакторының орынбасары Елдос Жүсіп, «Толқын» газетінің бас редакторы Абай Елеш, «Қазалы» газетінің жауапты хатшысы Есет Табынбаев, «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Дастанбек Садық және «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Ердос Беркінбаев, «Жаңақорған тынысы» газетінің жауапты хатшысы Самат Әбдіш, «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Ерасыл Шәрібек қатысуда. Мастер-класс барысында аудандық газет журналистері тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар айтылды. Облыс қаламгерлері одан әрі «Казахстанская правда» газеті және «Казмедиаорталығының» тәжірибесімен танысатын болады.  

        "Өскен өңір"
13 қыркүйек 2018 ж. 4 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930