МУЗЕЙДЕГІ БІР КҮН
Музей – туған өлкенің тарихи мұралары мұқият сақталатын экспонаттар қоры. Тарихымыздан сыр шертетін бірден-бір асыл мұра. Осындай асыл мұралар аудандық Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейінде сақтаулы.
ТАРИХЫ ТЕРЕҢ, ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН
Дана халқымыз «Бар жаңалық негізгі ұмыт болған көнеде» деген тәмсіл сөзді бекер айтпаса керек-ті. Музей мен тарих етене тығыз байланыста екенін ұмытпауымыз қажет. Мәдени мұраларымызды көздің қарашығындай сақтап, оларды келер ұрпаққа насихаттау– біздің міндетіміз. 1978 жылдан бастап 1982 жылға дейін бұл мұражай тарихи-өлкетану музейінің Шиелі ауданындағы филиалы негізінде құрылып, Қазақ ССР Министрлер кеңесінің қаулысымен, 30 сәуір 1982 жылғы және Қазақ ССР Мәдениет Министрінің 13 мамыр 1982 жылғы бұйрығына сәйкес, Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі болып ашылды. 2019 жылдың ақпан айынан бастап, облыс әкімінің 28 желтоқсан 2018 жылғы қаулысының негізінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі филиалы болып құрылды.

СЫР ТҰНҒАН ТАРИХ
Музейге журналистік зерттеу жасап, мұражайға кірген сәттен бастап, ішкі аурасы қатты әсер етті. Іші сырға толы, ғажайып әлемге кіріп кеткендей күйге енесіз. Әрбір жәдігерлерге сағаттап қарап тұруға болады. Қызметкерлері де өз ісінің білікті мамандары. Барлығын егжей-тегжейлі түсіндіріп, сұрақтарымызға мұқият жауап берді.

Тарихи-танымдық экскурсиямызда аудандық музей қызметкері, экскурсовод Гүлнар Қитанбаева жол бастады. Музей 3 залдан тұрады. Бірінші залында – ХІХ ғасырдың аяғында Сыр бойында тұрақты күріш өсіру Шиеліде басталып, кейіннен Шіркейлі Қуандария бойында тарағанын, күріш жерін дайындау, суғару, орып жинаудан бастап, қапқа түскенге дейінгі еңбегі қанша қиын екенін ұғындыратын экспонаттар орын алыпты. Тағы бір айта кететін жайт, музейде 30-дан аса күріш сорттары бар. Ал екінші залда Ы.Жақаевтың қоғам қайраткері, даңғайыр диқан, халқының қалаулысы болғандығы және шетелдерге сапары бейнеленген. Өмірінің соңына дейінгі еңбек жолдары, 1964 жылғы облыс жастарына жазған Үндеу хаты, осы хат негізінде жақаевшылар қозғалысының басталу кезеңдері экспозицияланған. Үшінші залда Ы.Жақаевтың облыс көлеміндегі ізбасарлары мен еңбек майталмандарының жетістіктері, Жақаевшы жастардың екпінді еңбегін көре аласыздар.
ЖӘДІРГЕРЛЕР СӨЙЛЕЙДІ
Бүгінде музей қорында 10 834 құнды жәдігер жинақталған. Негізгісі – 7008, көмекшісі – 3826. Музей директоры Құттықыз Ыханованың айтуынша, Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінің құнды жәдігерлері – Ыбырай атамыз өзі ұстап тұтынған заттары. Мысалы, кетпен, байтесе, қол орақ, 40 литрлік самаурын, қол шам, 1958 жылы Корей еліне сапарға барғанда корейліктердің кигізген жадағай шапаны мұражай төрінен орын алады.

Айта кетейік, музейге келгендер қайың сапты үлкен диоганалды кетпенді көргенде «Мына кетпенді қария қалай көтерген?» деп таңқалады деседі. Ең құнды экспонат ретінде кетпен, ағаш, темір соқалар, аяқ көрік пен қол көрік халықты қызықтырады. Астана қаласындағы Ұлттық музейінен Алтын адам реконструкциясын 2016 жылы осы Жақаев музейіне алып келіп, оны аудан тұрғындары мен мектеп оқушылары тамашалады.
ІС-ШАРАЛАР ТІЗБЕГІ
Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейінің ұжымы әр түрлі тақырыптарда мәдени, тарихи, әдеби іс-шаралар өткізіп отырады. Әрбір өткізген шаралар барысында музейдің тарихы мен мәдениетін, өткені мен бүгінін саралай отырып, жастарды патриоттыққа баулып, болашаққа деген көзқарастарын қалыптастыруды мақсатқа алады.

Мәселен, Ы.Жақаевтың 125 жылдығына орай Астана қаласындағы Ұлттық музейден «Алтын адам» артефактысын әкелген. ҮІІІ-ҮІІ ғғ. Сақ патшасы «Алтын адамды» әкелу оңайға түспепті.
Ал 2021 жылы Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығы мерейтойына арналған театрландырылған көрініс қойылды. Сондай-ақ «Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өткізілгенін айта кетейік.
Өздеріңіз білетіндей, 18 мамыр Халықаралық музейлер күні. Сол күнге байланысты жыл сайын орталықта Ашық есік күні өткізіледі.
ЖАҢАШЫЛДЫҚ БАСТАМАСЫ
Мерекелік іс-шарадан бөлек музейде үлкен жобалар бар. Атап айтсақ, «Музейдегі сұхбат», «Кеше, бүгін, ертең», үш тілдегі экскурсияны мектеп оқушыларына «Мирас» клубы жоспарлы түрде жүргізеді.
Мерекелік іс-шарадан бөлек музейде үлкен жобалар бар. Атап айтсақ, «Музейдегі сұхбат», «Кеше, бүгін, ертең», үш тілдегі экскурсияны мектеп оқушыларына «Мирас» клубы жоспарлы түрде жүргізеді.
Мәселен, музейдегі сұхбат жобасын алып қарайықшы. Youtube каналын ашып, Ыбырай Жақаев музейі деп іздеп көріңіз. Сонда алдыңызда әртүрлі видеолар шыға келеді. Сұхбатты музей директоры Құттықыз Ыханова жүргізеді. Ауылдағы еңбек адамдары, сала мамандары арнайы қонақ болып, сүбелі ойларымен бөліседі.
Түйін: Сонымен музейдегі сапарымыз ойдағыдай аяқталды. Түйгеніміз мұражай тек құндылықтар сақтайтын көрме ғана емес, ол ұлттық ғылыми-зерттеу мекемесі. Иә, біз журналист ретінде өнегеге толы тұлғаның бекзат болмысы мен пайым парасатын терең ұғындық. «Бүгінгі күн – ертеңгі тарих» демекші, біз де сырға толы музейдің тарихына үңіліп, өзіміздің қолтаңбамызды қалдырып кеттік. Естелік суретке де түстік. Ендеше біздің бұл сәтіміз де тарих қойнауында.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ