СӨЗІ ДӘРУ, ЕМІ ШИПА
«Сырқат – сын, дерт – қонақ» деген. Сол сыннан өтіп, қонақты шығарып салудың шипасы Алладан болса, емі дәрігерден.
Қалжыраған тән мен қасірет шеккен жан үшін үміттен асқан дәруді ешбіреу дәрігерден артық таба алмас. Парсы халқынан шыққан дәрігер, ғалым, формацевт Ибн Сина: «Дәрігердің үш қаруы бар. Олар: сөз, өсімдік, пышақ» деп дәлдікпен айтып, өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырған.
Қалжыраған тән мен қасірет шеккен жан үшін үміттен асқан дәруді ешбіреу дәрігерден артық таба алмас. Парсы халқынан шыққан дәрігер, ғалым, формацевт Ибн Сина: «Дәрігердің үш қаруы бар. Олар: сөз, өсімдік, пышақ» деп дәлдікпен айтып, өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырған.
«Тегін емдеме. Тегін емдесе – дәрігердің, тегін емделсе науқастың қадірі кетеді» деп ерте заманның өзінде дәрігердің еңбегіне ақы беру қарастырылған екен. Сол таза еңбектің ақысын адалдап, берген антына берік дәрігерлердің бірінен-бірін бөліп бағалауға келмес. Аурухананың қай бөліміне барсаң да тәні қиналып, жанына шипа іздеп жүрген жанға толы. Қазір жаста да, кәріде де буын ауруларынан зардап шеккендер көбейген сияқты. Дәріден бұрын жанға жайлы әдемі ырғақпен, аурудың себебін, оның емдеу жолдарын асықпай баяндай отырып, емге кірісетін әріптестерінің ортасында абыройға ие болып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген аудандық оңалту орталығының бір дәрігеріне ризашылық көп. Қағілез, тыным таппайтын, әрбір ісіне мұқият қарайтын, үнемі жүзі жылы, науқастарға күліп келіп, күліп шығатын оңалту орталығындағы ине салудың шебері Ақтілек Даниярова жайлы қалам тербемекпін.
Дәрігер болу Ақтілектің бала кезден арманы. Ол мектепті үздікке бітіреді. Арманы алдамай, оны Қарағанды мемлекеттік академиясының ішінен ашылған колледж «фельдшерлік іс» факультетінің табалдырығынан бірақ шығарды. Осы жерден І курсты тәмамдап, 2005 жылдың қыркүйегінде мединституттың Шығыс медициналық факультетіне түседі. 2012 жылдың маусым айында Шығыс медицина факультетін бітіргені жөнінде дипломды қанжығасына байлаған. Ақтілек мұнымен тоқтап қалмай, ары қарай білімін тереңдетуді мақсат тұтады.
Білімге деген құштарлығы алға қарай жетелеп, Ақтілек КГМУ Иглорефлексотерария мамандығы бойынша интернатурадан мамандығын алып шығады. Дәрігерлікті жанымен сүйген ол бірнеше мамандықты игерсем деп тағы ілгері жылжуды көздеді. Сонымен 2013-2014 жылдар аралығында КГМУ дің Реабилитология кафедрасының медициналық реабилитология қалпына келтіре емдеу 864 сағаттық қайта даярлықтан өтіп осы мамандықтарды еншілейді.
Еңбек жолын Шиелі аудандық ауруханасының Физиотерапия құрылымдық бөлімшесінің физио терапевт дәрігері болып бастаған ол, білімін арман қарай шыңдау жолында 2019 жылы Алматы қаласында дипломнан кейінгі білім беру институнда «Жасөспірімдер терапиясы, диетология» мамандығы бойынша 864 сағат көлемінде маман біліктілігін қашықтықтан оқып шығады.
Оның өз саласына деген табандылығын, мамандығына деген құштарлығын алғашқы күннен-ақ байқаған әріптестері жас та болса оған құрметпен қарай бастайды. Аз уақыттағы еңбегін бағалаған басшылық 2014 жылдың шілде айында Шиелі ауданаралық ауруханасының «Алғыс хатымен» марапаттаса, 2015-2017 жылдары аудан әкімінің «Алғыс хатымен» мерейі өсе түсті.
Физиотерапия бөлімінде жүріп, оңалту ем шараларын жеке тәжірибе жүзінде жүргізіп келген ол, 2017 жылдан Дене шынықтыру және Логопед кабинеттері ашылып, басшылықтың рұхсатымен бекітіліп, қызмет істей бастады.
Осы аралықтағы нәтижелі еңбегі еленіп, аудан әкімінің, «Аманат» партиясының, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы «Құрмет» грамотасын табыстаған. Мол тәжірибе жинақтап, 2019 жылдың 18 қаңтарынан бастап ауданаралық аурухананың Оңалту бөлімінде науқастарды қабылдай бастады. Қазіргі таңда оңалту бөлімі және физиотерапия бөлімдерінің емдеуші дәрігері болып халыққа қызмет етуде.
Ақтілектің ине салудағы шеберлігін дерттерінен айыққан жандардың ризашылығынан көруге болады. Үнемі жетістікке жетіп жүрген оны 2022 жылы шілде айында ҚРДМС «Алғыс хатпен» марапаттаса, 2023 жылы шілде айында Қазақстан Республикасының «Ел құрметі» төсбелгісі кеудесінде жарқырап тұрды.
«Талаптыға нұр жауар» деген жақсы сөз осындай барлық ынта-жігерімен үлкен жауапкершілікті сезіне білген талапшыл, тиянақты жандардың еңбектері қарап айтылғандай. Ақтілек әлі талай тәні ауырып, дертіне шипа іздеп келгендердің алғысына бөленері анық. Ол тек дәрігер емес, жүрегі мейірімге толы ана, ата-ененің алғысын алып отырған келін. Төрт баланың айбынды әкесі Елдостай азаматты бақытты етіп отырған асыл жар, әулеттің мақтанышына айналған ізетті келін, адамдардың жанашыры, бойындағы бар күш-қуатын алдына келген әрбір жанның денсаулығына арнаған қолы да, сөзі де, ойы да шипалы – шипагер.
Ақтілекке айтар ақ тілек – сол шипалы қолың дерт көрмесін. Науқасқа жасаған емің оңынан болып, алдыңнан күліп қайтсын. Ел алдында беделің артып, абыройың асқақтап ,биіктен көріне бер демекпіз. Осы орайда осындай білікті мамандар қатары жыл сайын жас мамандармен толығып жатады. Әрине, оларға тәжірибелі мамандардың қолдауы, көмегі өте қажет. Өмірден көрген-түйгендері көп кісілер зейнетке шығып кетті. Соларды бірден ысырмай, Сейіткамал Исламовтың қатарын толықтырып отырса, медицина саласы зиян шекпес еді.
Айжамал ӘБДІХАМИТҚЫЗЫ,
штаттан тыс тілші
штаттан тыс тілші