Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғыс арқалаған жан

Алғыс арқалаған жан



«Науқастарға зиян келтіру мен қиянаттан бойымды аулақ ұстай
отырып, бар шама-шарқыммен оларға пайдасы тиетіндей етіп жасаймын. Өмірде, ілімде де таза әрі адал боламын. Антты бұлжытпай орындағаным үшін өмірде де, ілімде де бақытты болып, ел арасында мәңгілік даңққа бөленгеймін, жалған ант беріп, қылмыс жасағандарды ант атсын» – деп Гиппократ антын берген абзал жандардың бірі –Гүлнұр Жәрімбетова бүгінде Жақаев ауылдық емханасының аға дәрігері.

Гиппократ антының заманауи мәтіні өзгергенмен мағынасы халыққа адал қызмет етуге уәде ету. Қазіргі таңда халық түсінігінде дәрігерлерге ұзақ жылдардан бері «ақ халатты абзал жан» – деп бағалаған атауды қимай қалатын сәттер болып тұрады. Десек те, дәрігердің абзал жан екені рас. Себебі, дәрігер болуды армандаған баланың жүрегі ізгілікке толы болғанын мойындау керек. Дәрігер 13 жасында: «ақша табамын, бай боламын, даңққа бөленемін, халықтың төрінде отырамын» деп емес, қиналған адамға көмектесемін деген ізгі арманы болады. Сол ізгі арманы орындалып, дәрігер болып келгенде, оны төр емес, жанына шипа іздеген мұқтаж жандар күтіп алады. Шипа іздеп келген жанға жылы сөзін аямай, үмітін жандырып, дөп басып айтқан диагнозы мен халықпен сыйласа алатын мейірімді мінезі үшін Жақаев ауылының тұрғындары Гүлнұрға дән риза. Халыққа қызмет ету көзге көрінбейтін қиындықтары көп күрделі міндет. Ешқандай 24 сағаттық ережеге бағынбайтын дәрігер ісі қазіргі тілмен айтсақ роботтық жүйе іспеттес. Өйткені, халық дәрігердің отбасы мен демалыс уақытын есепке алуды ұмытып, өзіне ғана қызмет етуді талап етеді. Әртүрлі көңіл-күйдегі көп халыққа бір ғана антпен, яғни қандай жағдайда да қызмет ету шынында да ғажап адамның ғана қолынан келеді.
Шырынхан МҰХАМЕДКӘРІМҚЫЗЫ,  
Жақаев ауылының тұрғыны.
17 маусым 2018 ж. 1 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930