Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » мейірімді мейірбике

мейірімді мейірбике



Денсаулықты бірінші байлық десек, жанымызды дерттен жазып, саулығымызды тілейтін сол медицина саласының қызметкерлері. Дүние жарығына 1967 жылы Тереңөзек ауданы, Шіркейлі ауылында келген ақ халатты абзал жан Гүлнар Төреханова өз ісінің білікті маманы. Алғашқы еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық орталық ауруханасының терапия бөлімінде мейірбике қызметінен бастап, 1989 жылы «Тәжібаев» дәрігерлік амбулаториясында және 2003-2006 жылдар аралығында №155 орта мектебінде мейірбике болып қызмет атқарған. Бүгінгі таңда «Досбол би» дәрігерлік амбулаториясында субординатор (фельд­шер) болып жұмыс жасап келеді. Үздіксіз, аянбай қызмет еткен дәрігердің әрбір ісіне халық дән риза. Кіршіксіз көңілімен балтыры сыздап, басы ауырған адамдарға көмектесуге алып-ұшып тұратын елгезек мінезі де емделушіге жұғымды. Қызмет барысында үлкен жетістіктерге жетіп, 2013 жылы облыс әкімінің марапатымен және 2018 жылы 12 мамыр мейірбикелер күні қарсаңында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бүгінде үлкен бір шаңырақтың ақ жаулықты анасы атанып, 1 қыз, 4 ұл, 9 немере тәрбиелеп отыр. Елімізде осындай мейірімді абзал жандардың адал еңбек етіп жүргені келешек ұрпаққа үлгі боларлық ұлы іс.
Г.Дүйсебаева.
17 маусым 2018 ж. 1 917 0