дертке шипа сыйлайды
Адам саулығын тілейтін дәрігерлердің жұмысы жеңіл емес. Түрлі дертке дауа іздеп, аурумен айқасу күнделікті ісіне айналған Зерипкул Жаналива 1960 жылы Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген. Еңбек жолының өрілген тұсы 1981 жылы Жаңақорған аудандық «Туберкулезге қарсы-күрес ауруханасында» медбике болудан бастау алады. Одан әрі, 1982 жылы Екпінді ауылында медициналық бекетте фельдшер болып жұмыс жасайды. Тындырымды ісімен ерекшеленген ақ халатты жан 2006-2012 жылдар аралығында Шиелі
ауданында «Шапағат» жанұялық дәрігерлік емханасында субординатор (фельдшер) болып абыройлы қызмет атқарған. Бүгінгі таңда «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының «Ызалыкөл» медициналық бекетінде фельдшер болып жұмыс жасауда. Халықтың ыстық ықыласына бөленген тәжірибелі маман көптеген жетістіктерге жетіп, марапаттауларға ие болады. Нақтырақ айтар болсақ, 1990 жылы «Үздік фельдшер» номинациясымен ауданда бас жүлде, ал, облыс бойынша 2-орын иеленді. Сонымен қатар, аудан әкімі марапатын сан мәртеалып, құрметке бөленіп келеді. Ұрпаққа үлгі етіп, жас мамандарға жөн сілтейтін нағыз дәрігерлерді халық өзі таңдайды, бағалайды. Міне, сол жандардың бірі – Зерипкул Жаналива.
Г.Әбдіханиқызы.