Медициналық қызметтің қолжетімділігі
Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында «Ақпараттық жүйелерді дамыта отырып, медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуді» тапсырған болатын. Осы орайда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу арқылы, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру басты мақсатымыз болып отыр.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімінің 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілгенімен МӘМС жүйесін іске қосуға дайындық жұмыстары жоспарлы, толыққанды жүруде.
Нақтырақ айтар болсақ, жұмыс берушілер үшін МСҚ-на аударатын аударымдар мөлшері өзгермейді. 2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%. Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері жарнаны осы тәртіп бойынша төлейді.
Жеке тұлғалар жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылады. Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарна мөлшері төмендетілді. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылдан бастап 2 пайызы көлемінде жарна төлейді. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды.
Жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары ЖК ретінде өзі үшін жарна аудармайды. Бірақ қарамағындағы қызметкерлер үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударуды тоқтатпайды (2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%).
Жоғарыда көрсетілген санаттарға жатпайтын тұлғалар бір ЕТЖ (ең төменгі жалақының) 5 пайызын төлеп, сақтандыру жүйесіне қосыла алады.
Қазіргі таңда, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2018 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін тексеруге мүмкіндік беретін жаңа қызметтер түрін енгізбек. Сонымен қатар, алдағы уақытта емханаға тіркеу тәртібі жетілдіріледі.
Осы ретті пайдалана отырып, аудан тұрғындарының жергілікті емханаларға тіркеліп, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалмауларыңызды сұраймыз.
Н.ӘМІР,
«Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық
орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК бөлім меңгерушісі.