Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ҚАЛАЙ ШЕШІЛМЕК?

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ҚАЛАЙ ШЕШІЛМЕК?

Ауданда жұмыссыздық деңгейі 5 процентті құрады. Яғни 1801 адам бос сенделіп жүр. Оның ішінде жұмыссыз бола тұра, оны іздеуге және еңбек етуге құлқы жоқ, білім алумен немесе оқытумен айналыспайтын NEET санатындағы жастардың да үлесі бар. Бұл – алаңдатарлық жағдай.
Ал өткен жылы халықты жұмыспен қамту орталығына 7275 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Абырой болғанда көпшілігі ақылы қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындарымен, «жастар практикасы», «алғашқы жұмыс орны» және «ұрпақтар келісім шарты», «күміс жас» жобаларымен және қайтарымсыз гранттармен қамтылған.
Одан бөлек еңбекке қабілетті алайда мүгедектігі бар 208 адам жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркеліп, 25-іне жаңа бизнес-идеяларды дамыту бағытында қайтарымсыз грант берілсе, 47 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 5 азамат жастар практикасынан өтуге уақытша жұмысқа жолданған. Ал 103-і «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарынан өтіп отыр. Сондай-ақ аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы квота белгіленіп, 8 мекемеге 10 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылса, 37 еңбекке қабілетті мүгедектігі бар азамат квотадан тыс тұрақты жұмыспен қамтылған.
Ал ел бойынша жұмыссыздар саны 4,9 процентті құрап отыр.
Жалпы жұмыссыздықтың алдын алу, тұрғындарды бос жұмыс орындарымен қамту жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Десе де еліміз жұмысқа орналастыру бойынша әлі де толықтыру жұмыстары керек екенін белгілі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев соңғы Жолдауында халыққа тұшымды үндеуін жеткізді.
– Қазір жастардың еңбек пен жұмысқа тұруына көңіл бөлетін кез келді. Жыл сайын еңбек нарығына шамамен 300 000 жас маман шығады. Жаңа өмірге бейімделіп келе жатқан жас ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жағдай жасалуда. Дегенмен де, атқарылып жатқан шараларға қарамастан, жастарды жұмыспен қамту мәселесі әлі күнге дейін толық шешілген жоқ, – деді Президент.
Жалпы, Үкімет 2029 жылға қарай 2,3 млн жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен 11 ақпанда өткен кеңесте айтылған еді. Жиында жастар саясаты және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту тұжырымдамаларының жобалары қаралған-ды. Құжатқа сәйкес жауаптылар жас кәсіпкерлердің үлесін – 30, жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер арасынан жұмысқа орналастырылған жастардың үлесін 61 пайызға дейін ұлғайтуды көздеп отыр.

Г.ЯХИЯ
22 ақпан 2023 ж. 721 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031