Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыз

Жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыз

Шиелі ауданында 2020 жыл қорытындысы бойынша экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36432, жұмыспен қамтылған халық саны 34621 (жалдамалы жұмысшылар 18003, өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 16618) , жұмыссыздық деңгейі 5,0 процент немесе 1811 адамды құрап отыр. Ал жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,8%-ды көрсетті. Бұл халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламалардың, сондай-ақ азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің жетілдірілуінің нәтижесі.
2020-2021 жылды қосқанда, жалпы халықты жұмыспен қамту орталығына 4542 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелген, 1358-і тұрақты жұмыс орындарына орналастырылса, 2621 азамат (кәсіпкерлік курсы, грант, шағын несие, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, алғашқы жұмыс орны, ақылы қоғамдық жұмыс, ұрпақтар келісім шарты) тартылды. Бұл жөнінде толығырақ ақпарат алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығының директоры А.Алдабергеновке хабарласқан едік.
– Атап айтар болсақ, «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлау алды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасын жүзеге асыруда бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде Enbek.kz электрондық еңбек биржасының базасында онлайн режимде қысқа мерзімді оқыту порталы әзірленіп, еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша ауданның кез келген азаматына қолжетімділік қамтамасыз етілген. Бұл бағытта 40 жұмыссыз азамат онлайн түрде оқытылып, сертификаттар алды. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы аясында жыл көлемінде онлайн түрде 377 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылуға жолданып, бүгінгі күнге 344-і оқу курстарын аяқтады. Оқу курсын аяқтағандар қатарынан 90 азаматқа жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бағытында мемлекеттік грант берілсе, 6 азамат жеңілдетілген несие алды, – деді орталық директоры.
Биылғы жылы 350 азаматқа жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бағытында мемлекеттік грант беру жоспарланып, жыл басынан 350 азаматқа 583400 теңге көлемінде жалпы 204190,0 мың теңге қайтарымсыз негізде грант беріліп, өз кәсіптерін ашуда. Сонымен қатар, ағымдағы жылы өз кәсібін ашу немесе кеңейту мақсатында 80 азаматқа шағын несие беру жоспарланып, жыл басынан 74 азаматқа 338 млн 946 мың теңге шағын несие беріліп, қосымша 79 жаңа жұмыс орындары ашылған.
Бағдарламаның халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытудың үшінші бағыты аясында ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен 43600,0 мың теңге қаржы бөлініп, жоспарға сәйкес ағымдағы жыл басынан 140 азамат уақытша негізде жұмысқа жолданған. Игерілген қаржы көлемі 31600,0 мың теңге. Келісім шарт мерзімі аяқталған 35 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Жұмыссыз 255 ­жасты жастар практикасына жолдау ­жоспарланып, республикалық, облыстық және аудандық бюджет есебінен 104282,0 мың теңге қаржы бөлініп, жыл басынан 531 жас азамат алған кәсібі бойынша уақытша негізде жұмысқа жолданып, оның ішінде 2020 жылдан келісім шарты өтпелі азаматтар саны 236 болса, ағымдағы жылы жолданғандар саны 295. Игерілген қаржы көлемі 80579,0 мың теңге. Келісім шарт мерзімі аяқталған 122 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды, – дейді А.Абдуазизұлы.
Сондай-ақ, ақылы қоғамдық жұмыстарға 507 азаматты құжаттармен жұмыс жасауға және санитарлық тазалық жұмыстарына жолдау жоспарланып, бюджеттен 320339,0 мың теңге қаржы бөлінген. Жыл басынан бері 1231 азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданып, 208600,0 мың теңге қаржы игерілген. Келісім шарт мерзімі аяқталған 147 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.

Нұрай АСЫЛБЕКҚЫЗЫ
15 қазан 2021 ж. 779 0