«Жібек жолы» атауын ауыл халқы қолдайды

21 бекет тұрғындары 2019 жылдан бері ауылға лайықты атау қоя алмай келеді. Ауылға орналасқан жеріне қарай тарихи атау берілуі тиіс. 2022 жылдың 12 қарашасында аудандық «Өскен өңір» газетіне «Ауылға «Жібек жолы» атауы берілсін» деген мақала жарияланған болатын. Газет бетінде жарық көрген мақала қолдау тауып, оны 21 бекет елді мекенінің 200 тұрғыны қуана мақұлдады. Оның ішінде зейнеткерлер мен ардагерлер, қызметкерлер мен мұғалімдер, ауыл жастары және жергілікті белсенділер Ж.Қоразов, С.Әбілұлы, И.Омаров, Т.Ақпанов, Ш.Жылқыбаев, Б.Ибраев, А.Сәрсенбаев, С.Әуезұлы, А.Доспанов, Қ.Медетұлы, Д.Сариева, Ғ.Қожантаев, Б.Мырзабаев, Н.Бошайбеков, А.Алтынбеков, Б.Ізімбетов, Б.Шегебай, Т.Жұмабайұлы, Қ.Ахметов, Х.Сейітова бар. «Біз қолдаушылар тізіміне аты-жөнімізбен өз қолымызды қойып, келісім бердік. 21 бекет ауылына «Жібек жолы» атауы берілсін, бәріміз қолдаймыз, – дейді 21 бекет елді мекенінің тұрғындары.
Халық тарапынан қойылған жер-су атаулары – сол жердің табиғи құжаты болып табылады. Әрбір географиялық атау географиялық картада, ресми құжаттарда өз орнын табуы керек. Ол үшін ел болып жұмылып, зерттеулер жүргізу, баршамыздың міндетіміз болып табылады. 21 бекет елді мекенінің тұрғындары да «Жібек жолы» атауын зерттеп, зерделеді.
Рахманберді Ханқожаұлы,
ҰОС теңестірілген ардагер
ҰОС теңестірілген ардагер