Науалы, көңілім саған ауады
Менің қолыма қалам алуыма ауылдың, яғни 21-бекеттің 2-3 жылдан бері атын жаңалау бағытындағы жұмыстардың аяқталмай сиырқұйымшақтануы себеп болды. Қазақта «Құланды алма, соңынан қалма» деген мақал бар. Сол сияқты ауылға бірнеше ат қойылды, бірақ жеме-жемге келген кезде ауыл әкімінен «жоғары жақта комиссиядан өтпей қалды» деген хабарды ғана естиміз. Мен бұл іске араласпай-ақ қояйын деп едім, бірақ бұл жұмыстың жақын арада бітетін түрі көрінбейді. Сондықтан өз білгенімді, көргенімді ауыл халқымен бөлісуді жөн көрдім.
Жақында ауылға атау беру мақсатында ауыл әкімгершілігі мамандары мен ауыл үлкендері қатысқан шағын жиналыс болды. Сол жиналыста ауыл тұрғыны Әмзе Досматов ауылдың атын «Науалы» қойсақ қалай болады деген ой тастапты. Жиналысқа қатысқан көпшілік осы ойды мақұлдаған. Менде осы Науалы атауын ауылға бергенін қалаймын. Себебі ауылдың іргесіндегі Л-5 каналын К-4 қашыртқысының үстінен су өткізу мақсатында науалы салынған. Сол науаның тарихы тереңде жатыр. Алғашқысы 1940 жылдары ағаштан салынған еді.

Сол жылдары Науа арқылы Сталин (Қазіргі Ортақшыл), Жөлек ауылының халқына су беріліп, егін егумен күнін көріп келеді. 1950 жылдардың ортасында Науаны қайтадан цементтен жаңалайды. 1959 жылы желтоқсан айында Сырдария өзені тасып Сталин (Қазіргі Ортақшыл) ауылын су алды. Сол кезде 21 бекеттегі көпірден су асып, өткел болмай, Сталин, Ленин колхоздарының малдарын өткізетін өткел іздедік. Бұл тапсырманы маған сол кездегі ауданның райисполкомы Қонысбай Қазантаев берген еді. Райисполкомның 1 хатшысы Исатай Әбдікәрімов болатын. Басшының тапсырмасын қалай орындасақ болады деген сұрау туындады. Ойыма Науа сарт ете қалды. Тез арада адамдарды ұйымдастырып науаның үстіне, жаныл тақтай қағып Сталин (Қазіргі Ортақшыл), Ленин колхозының бірнеше мыңдаған малдарын осы Науа арқылы өткізіп, аман алып қалдық. Халық өсуіне байланысты 1980 жылдары осы науаның қасынан жаңадан екінші науа салынды. Қазір осы науалар арқылы Жансейт, Ортақшыл ауылының халқы егін егіп, бақшасын жайқалтып отыр. Бұл Науаның аудан халқы үшін өте маңызды құрылыс екенін еске салады.
Ауыл атауын өзгерту немесе атау беру жеңіл іс емес. Оның тарихы мен атауы бір-бірімен байланысып жатса құба-құп емес пе? Тарихы тереңде жатқан Науаның атын ауылымызға берсе нұр-үстіне нұр болар еді. Ғасырлар бойы халыққа қиын кездерде қызмет көрсеткен және әлі де ел игілігіне жарап тұрған Науаның біздер үшін маңызы бөлек...
Мұхамедияр СейІтов,
ҚАЗ ССР-не еңбегі сіңген гидротехник, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», 21-бекет тұрғыны
ҚАЗ ССР-не еңбегі сіңген гидротехник, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», 21-бекет тұрғыны