Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл көркін айшықтай түсті

Ауыл көркін айшықтай түсті


Ақмая ауылының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында ауыл маңынан жаңадан салынған «Авангард» салтанат сарайының ашылу салтанаты өтті. Тойға келген қонақтар алдымен ауылдың кіре берісінде орналасқан мейрамханаға қарай бет бұрды. Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы 600 орындық зәулім ғимаратқа аудандағы көлемі жағынан ең үлкен мейрамхана деген баға беріп, «Осы жерде тек ауылдың қуанышты сәттері мен тойлары тойлансын», – деген игі тілегін білдірді. Жаңа нысанның лентасы қиылып, жиналған жұртшылық ғимараттың ішін аралап шықты. Ауыл халқы «енді жиын-тойды жасау үшін аудан орталығына сабылмайтын болдық» деп, қуаныштарын жасырмады.
Ғимаратты «Ақмая» шаруа қожалығының директоры Дәулет Жұмбеков өз қаржысына соққан. Алдағы уақытта ауылдың 15 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.Салтанат сарайын елді мекеннің бұрынғы атына орай «Авангард» деп атауы да тегін емес. Жалпы құны 100 млн. теңгені құрайтын мейрамхананың сәні мен салтанаты келісіп-ақ тұр. Бірнеше ұлт өкілдерін тоғыстырған берекелі ауылдың көркі одан әрі айшықтала түскендей.
"Өскен өңір" ақпарат.
25 желтоқсан 2018 ж. 3 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30