Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚМАЯ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

АҚМАЯ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Конституция күніне орай Ақмая ауылдық округі әкімшілік ғимараты бой көтерді. Жаңа ғимарат жергілікті бюджет есебінен жобалық құны 37 млн. 270 мың теңгеге бой көтерді.
Ашылу салтанатында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы ауыл тұрғындарын құттықтап, әкім аппараты ұжымы халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, түйінді мәселелердің оңды шешімін табуына ықпал етуі қажеттігін айтты.
Кезекті сөз алған Ақмая ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжетай Палмағанбетов алдағы уақытта халықтың көкейкесті мәселелерін шешіп, әкім өз аппаратымен елдің әл-ауқатын арттыру мақсатында жігерлі жұмыс жасай беретініне сенім білдіріп, ауыл халқының атынан облыс және аудан әкіміне ризашылығын білдірді. Елге қызмет етіп жүрген азаматтарға ақ баталарын беріп, жақсы істер жалғасын таба берсін деген тілектерін жеткізді.
Ауданымыздың әкімі Әшім Оразбекұлы жаңа нысанның лентасын қиып, салтанатқа жиналған тұрғындар шашу шашып, заман талабына сай салынған әкімшіліктің ішін аралап шықты.
30 тамыз 2018 ж. 4 930 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031