21-ші бекет «Науалы» деп аталады

1-ші сәуір күні өткен елді мекен тұрғындарының жиналысын Алмалы ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбек Мұхтаров ашып,аудандық мәдинет және тілдері дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы, аудандық ономастикалық комиссияның хатшысы Жадыра Отарбаеваға сөз берді. Ж.Отарбаева елді мекендерге,көшелерге жер-су аттарын қоюдың заңдылықтарына тоқталып, атауды дұрыс таңдауларына тілектестік білдірді. Бұл жерде «Қарағай көпір», «Иіркөл», «Науалы» атаулары ұсынылып, қортындысында көпшілік дауысымен 21-ші бекетке «Науалы» атауы берілетін болды.Несі бар, қазақтың байырғы науасы, ұлттық нышанымыз, құт-берекелі сөзі ортамызға оралып жатқаны елдің де мерейін өсірері сөзсіз. Жиналысқа Алмалы ауылдық округінің әкімі Әбілқасым Мәмбетов пен ауданның бас имамы Бақыт Ұлжаев қатысты. Елдің ынтымағы мен бірлігі осындай шақтарда «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жатса» неге қуанбасқа? Алмалылық ардагерлер қасиетті Рамазан айы қарсаңында осындай келісімге нүкте қоя білді. Айтылған сын да, ашық, айқын пікірлер де өте орынды деп есептейміз.
Өркен Исмаил,
аудандық ардагерлер кеңесінің төреғасы