РҰҚСАТСЫЗ ӘРЕКЕТТЕР ТЫЙЫЛАР ЕМЕС
Республика бойынша 79689 көше бар. Оның 5793-не атау берілген немесе қайта өзгертілген екен. Жалпы, мұндай өзгерістер атаулардың идеологиялық ескіруіне және қайталануына байланысты жиі кездеседі.
Бүгінде көшеге жақындарының есімін бергісі келіп, басшылықтың табалдырығын тоздырып жүрген жандар көп. Аудан бойынша жыл сайын шамамамен жиырмадан аса өтініш облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылады екен. Бұл тек жеке адамдардың есімін беру жөнінде. Дегенмен, оның барлығы бірдей жүзеге аса бермейді. Себебі, Мемлекет басшысының өзі жер-су, көше атауларына жеке адамдардың есімдерінен гөрі, тарихи дәстүрлі аттармен атауды нықтап тапсырған болатын. Бұл көшелер мүлде адам атымен аталмайды деген сөз емес. Мәселен, өткен жылдың өзінде аудан бойынша бірқатар ономастикалық өзгерістер орын алды. Атап айтар болсақ, идеологиялық ескірген Бірлестік ауылы – Жаназар батыр, Ботабай ауылы – Тұрсынбай датқа, №149 Қызылту орта мектебі – Ә.Монтаевтың атымен өзгертілсе, одан өзге төрт көшеге кісі аттары берілді.
Гүлназ ДОСТИЯРОВА, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:
ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы заңының 7 бабында ономастиканың әр ауданда арнайы комиссиясы құрылған. Комиссияның мақсаты – заңдылықтарға сүйене отырып, көше, жер-су аттарын атау. Бізге аудан тұрғындары тарапынан өтініш келген жағдайда жеке адамдардың құжаттарын жинақтап, аудандық ономастика комиссиясына ұсынамыз. Одан соң, бұл мәселеге жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен өткен жиынның шешімі бойынша аудан әкімідігі қаулы етіп, аудандық мәслихат шешім шығарады. Сосын, облыстық комиссияның қарауына жіберіледі. Яғни, соңғы шешім облыстан бекітіледі. Өкінішке орай, бұны көп тұрғындар түсінгісі келмей, реніштерін білдіріп жатады. Тіпті, көшеге есімін бермеу туралы қаулы шыға тұра, оны ескермей өз беттерінше сол көшеге барып белгі қоятындар да бар.
Мәселен, кенттегі №270 мектептің жанында Молдахмет Мырзахметовтың есімі жазылған арка тұр. Сол сияқты №47 мектепке қарама-қарсы көшеге Насыровтың есімін жақындары рұқсатсыз белгі қойып қойған. Өкінішке орай, ауданда мұндай рұқсатсыз жасалған әрекеттер аз емес.
Бұл мәселе жөнінде айта берсек дау да, дамай да көбейе береді. Қарапайым халық атасына, әкесіне көше атауын бергісі келетіні белгілі. Оған біз қарсы емеспіз. Бірақ, әр нәрсенің шегі бар. Біз осы саладағы жұмыстарды заң талаптарына сәйкес және қоғамдық пікірді ескере отырып жүзеге асыруымыз керек.
Өркен ИСМАИЛ, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы»:
Өмірде, күнделікті тіршілікте әр отбасы білуге тиіс бір ұғым бар. ол – ономастика. Ономастика – ел тарихы, жер тарихы, халықтың көңілі,, өмір сүріп отырған жұрттың кескін-келбеті. Яғни, жер, су, елді мекен атаулары, адам есімдері, ру аттары, жан-жануарлар, өсімдіктер аттары, жалпы атаулардың қалыптасуына ықпал ететін тіл білімінің құрамдас бөлігі десек болады. Ал, атауларды қалыптастыру – ұлттың тілін, мәдениетін қалыптастырудың, ұлттық тіл саясатын орнықтырудың көрінісі. Шындығында, жер-су, көше аттары қай мемлекетте, қай елде, қай жерде жүргеніңді аңғарасың. Ономастика атаулары қоғаммен бірге жасасып келеді. Көшеге, мекемеге есімі беріліп жатқан сол қоғамға еңбегі сіңген, халықтың құрметіне бөленген, сізбен, бізбен бірге жүрген кешегі аяулы жандар. Оларға құрметіміз шексіз. Дегенмен, барлығына бірдей көше аттарын беруге мүмкіндік жоқ. Сондықтан, тұрғындар түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Оған қоса Елбасының өзі дәстүрлі атауларды көбірек пайдалану жөнінде тапсырма берді. Мысалы, жақында ғана Алғабас ауылында жаңадан бірнеше көше ашылған болатын. Олардың тек біреуіне ғана Ұлы Отан соғысының ардагері Машрап Бижігітовтың есімі берілді де қалған сегіз көшеге «Бәйтерек», «Бейбітшілік», «Астана», «Мәңгілік ел», «Жұлдыз», «Тәуелсіздік», «Ұлы дала елі», «Сарыбел» атаулары қойылды.
Пердәлі АРХАБАЕВ, еңбек ардагері, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы»:
Шындығында, кенттің өзінде бір атауы жоқ көшеге 3-4 адамның есімін беру туралы өтініш түсіп жатады. Оның барлығын орындау мүмкін емес. Елбасының 2017 жылы 28 ақпандағы тапсырмасына сәйкес елді мекендерге, көшелерге атау берудің нақты критерийлері анықталған. Атап айтқанда, ономастикалық атауларға кісі есімін беруге мейлінше шектеу қою, тиісінше идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанатын аттарды қайта қарау тапсырылған. Енді бұл тапсырмаларды қоғамдық бірлестіктің жетекшілері, БАҚ өкілдері бірігіп, халық алдында кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тиіспіз.
Тұрмат БАЙМАҒАНБЕТОВ, сот саласының ардагері, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы»:
Біз баспасөз беттерінен де, телеарналардан да жер-су аттарына, әсіресе, көше атауларына мән беру керектігін естіп, көріп жатамыз. Осы мәселені заңды түрде жолға қою мақсатында 150-ден аса тарихи тұлғаның, 70-тен аса жер-су атауы, 300-ге таяу дәстүрлі атаулар тізімі әзірленіп, жергілікті атқарушы органдарға басшылыққа алу үшін жолданған. Енді біз осыған түсіністікпен қарап, Елбасы тапсырмасын орындауға тиіспіз.
Оның үстіне биыл республика бойынша санақ жүргізілетін жыл болғандықтан, көшеге ат беру, қайта атау жұмыстарына уақытша шектеу қойылғанын да естен шығармауға тиіспіз.
Бұл осы саланың мамандары мен ауданның құрметті азаматтарының пікірі. Біздің айтпағымыз бар мәселе көшеге атын берумен тоқтап қалмаса екен. Туысының аты берілген екен, сол аумақтың тазалығы мен ұқыптылығы да көшенің аты аталған кісінің туыстарына жүктелсе. Шамасы келсе жарық пен жолдың да жөнделуіне жағдай жасар.
Әзірлеген
Гүлхан ЯХИЯЕВА.