МЕН ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНА ҚАЙРАН ҚАЛАМ
Қазақ халқы салт-дәстүрінде жеңге мен қайын сіңлі арасындағы қымбат сыйластыққа тең келер ешнәрсе жоқ. Қыз баласын бой жете бастағаннан оң жағына қойып, қырық үйден тыйып, қолдағы бар асылын бойына жапсырып, жарқыратып ұстап, қыз-ғұмырдың әке шаңырағында шырайлы салтанат құруы жолында қамқорлығын аямаған. Ұлттық үрдіс бүгінде жалғасын тауып, туыстық сезім тереңге кетсе – татулықтың тірегі.
Осындай мақсатта жуырда Әбілдә Тәжібаев ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өнегелі құндылықтарды жаңғырту, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» байқау өтті.
Осындай мақсатта жуырда Әбілдә Тәжібаев ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өнегелі құндылықтарды жаңғырту, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» байқау өтті.
Жеңгесі мен қайынсіңлісі арасындағы ізгілікті, қазақ қызына сай болмысты насихаттайтын бұл байқауға ауылдың өнегелі келіндері мен инабатты қыздары қатысты. Бірнеше кезеңдерден құралған бұл сайыс қатысушылардың өздерін таныстырудан бастау алды. Мұнан әрі ауыл келіндері мен бұрымды қыздары өз өнерлерін көрсетіп өзара бақ сынасты. Сондай-ақ өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын әділқазылар алқасына көрсетіп сайысты қыздыра түсті. Және де ата-дәстүрден жаңылмай, қатысушылар бірнеше сұрақтарға жауап беріп, сыннан өтті. Қоржыннан шыққан сұрақтарға жауап берген келіндер мен қыздар өз білімдерін де бәйгеде көрсете білді. Бірі мың бұрала билесе, бірі әннен шашу шашты. Өнерлерімен ғана емес, асқан шапшаңдықтарымен, әртістік шеберліктерімен өз ойларын анық жеткізді. Ақтық кезеңнен сүрінбей өткендер көрермен көзайымына айналып, ел ықыласына бөленді. Жеңгесі мен қайын сіңілі арасындағы өзара байланысты насихаттаған байқауда бас жүлдені әдемі әдебі, өзгеше өнерімен қатарластарынан көш бойы озық таныла білген – қайынсіңілісі Асылай Тұрман мен жеңгесі Мөлдір Әжік меншіктесе, І орынды Тұрғанкүл Жұмабайқызы мен Аяжан Жасыбаева қанжығалады. Ал ІІ орынды Айдина Сақтаған мен Гүлзира Айтымбетова, ІІІ орынды Гаухар Тоқназарова мен Аягөз Қасымова иеленді.
Бұл байқау басқа сайыстарға қарағанда өте қызықты өтті. Сайысты тамашалаушылар әр жұптың өнерлерін жоғары бағалады. Жеңгенің өнегесін көрген қыздың тәрбиесіз болмайтындығын бұл сайыс дәлелдеп бергендей болды. Алдағы уақытта аталған клуб ұжымы ұмыт қалған салт-дәстүрлеріміздің бойына қан жүгіртуді мақсат тұтып отыр.
С.СҰЛТАН