Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерекше балаларды жетістікке жетелейді

Ерекше балаларды жетістікке жетелейді

Дені сау, салауатты ұрпақ – егеменді еліміздің ертеңі. Балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жетілдіру, салауатты өмір салтын сақтайтын тұлғаны қалыптастыру, бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі. Сол мақсатты жүзеге асыру жолында балалардың денесін дұрыс ұстау, жеке бас гигиенасын сақтау дағдысы мен денсаулық сақтау негіздерін қалыптастыруға жұмыс істейміз.
Шиелі ауданының педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті ерекше балаларды жетістікке жетелейді. Иә, ерекше балалармен жұмыс істеу – ерекше көзқарас пен ынта-жігерді қажет етеді. Ал олар үшін емдік дене тәрбиесінің маңызы зор. Яғни дене тәрбиесі құралдарын адамның тез және толық сауығып кетуі үшін қолданылуын айтамыз. Емдік дене тәрбиесі – қазіргі медицинаның жаңа аумағы. Қозғалыс пен дене жаттығулары емдік мақсатта б.ғ. дейінгі ІІ-ІІІ мыңжылдықта ежелгі араб, Греция, Үнді, Қытай елдерінің халық медицинасында қолданылып келген. Ежелгі Грецияда осындай медициналық гимнастика қалыптасты. Оның дамуы «медицина атасы» Гиппократтың атымен тығыз байланысты екенін де айта кеткен жөн. Емдік дене шынықтыру әдістері Қазақстанда 1922-1924 жылдары санаториялар мен шипажайлардың тәжірибесіне енгізіліп, кейін ауруханалар мен емдеу кабинеттерінде де қолданыла бастады.
Қазіргі таңда ата-аналар балаларға арналған мекемеде тәрбиеші, дефектологтың жұмысымен түгелдей дерлік таныс. Ал емдік дене шынықтыру нұсқаушының жұмысынан бейхабар. Туабітті ауруға шалдыққан балалар үшін әрбір қимыл-қозғалыстың өзі үлкен жеңіс. Ал емдік дене шынықтыру жаттығуларын үзбей қабылдаған бала нәтижеге қол жеткізе алады. Ол үшін ата-ананың да қолдауы маңызды. Түзету-дамытушылық бағытында емдік дене шынықтырудың әсері зор. Ол аномалдық ­дамуы бар балалардың олқылықтарын әлсіреген физикалық кемшілігін түзетуге бағытталған. Басқа да физикалық мүмкіндіктерін дамытуда маңызды рөл атқарады.

Ақерке Төлегенова,
Шиелі ауданының педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің ЕДШ нұсқаушысы
10 қараша 2022 ж. 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930